Қоғам

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға шегеріледі

© Sputnik / Болат ШайхиновЛекарства, деньги
Лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енізуді 2020 жылға шегеруді ұсынды

АСТАНА, 27 қазан— Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді кейінге шегеру мәселесі бойынша парламентке заңнамалық өзгерістер ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсетуді 2020 жылғы 1 қаңтардан бастау туралы ұсыныс енгіземіз. Жеке тұлғалар, жалдамалы жұмысшылар, өз-өзін жұмыспен қамтушылар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек етіп жүргендер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарна төлей бастайды. Сондай-ақ кейбір санаттағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан аударылатын жарнаны да осы уақыттан төлеуді ұсынамыз", — деді бүгін парламент мәжілісінің комитет отырысында вице-министр Ләззат Ақтаева. 

Оның айтуынша, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардың жарна мөлшерін 5%-дан 1%-ға азайту ұсынылып отыр. Ал жұмыс берушілер 2018-2019 жылдары 1,5% мөлшерінде ақша аударуды жалғастыра береді. 

"Бұл ретте 2020-2022 жылдары сақтандыру жүйесіне кірмеген азаматтарға тегін медициналық көмек көрсету сақталады", — деді Ақтаева. 


Жаңалықтар
0