Астананың келбеті, Хан-Шатыр

Астанада су басу қаупі бар учаскелер азайды Әсет Исекешев

23
(Жаңартылды 20:19 07.11.2017)
Әкім «Майбалық көлі – «Нұра-Есіл» каналының арнасын кеңейту жоспарланып отырғанын айтты

АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Астана әкімдігі қала аумағында туындайтын жаңа қауіптің алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын құрды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Осы жоспарға сәйкес су басу әлеуеті жоғары учаскелердің толық тізбесі жасалған және олардың саны 37-ден 27-ге қысқарған. Әр учаске бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері, көлемі, қажетті материал, қаржыландыруға жауапты адамдар белгіленген. Барлық тұрғын үй ескерілген, оның ішінде Ильинка, Өндіріс, Көктал, Железнодорожный, Пригородный, Оңтүстік-Шығыс және тағы басқасы бар. Сонымен қатар, жаңа теміржол вокзалы, әуежай, газ аппаратурасы зауыты аумақтарына ерекше назар аударылды», — деді Ә.Исекешев.

Астана әкімінің айтуынша,  гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіз режимде жұмыс жасауы бақылауға алынған және кестеге сәйкес «Астана су қоймасының 2017 жылдың сәуірінен 2018 жылдың наурыз айы аралығындағы жұмыс режимі» бекітілген. «Астана қаласын Есілдің тасқын суларынан қорғау» (Астаналық су реттегіші) объектісінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, аяқталуы 2017 жылдың 15 желтоқсаны.

Бұдан басқа, көктемдегі су тасқыны көлемін анықтау бойынша «Қазгидромет» РМК-мен бірлесіп Мойылды және Есіл өзендері бассейнінің маршруттық тексеру картасы әзірленді (2018 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір айларының бірінші жартысы).

«Ең маңызды шара – қар шығару. Су тасқынын болдырмау және алдын алу бойынша қала аумағынан қарқынды түрде қар шығару. Қыс мезгілінде қала көшелерін тазалауға 1 840 арнайы техника мен үш мыңға тақау жұмысшы жұмылдырылады», — деді Ә.Исекешев.

Астана қаласының әкімі «Майбалық көлі – «Нұра-Есіл» каналы» арнасын кеңейту туралы айтып берді.

«Аэропорттың ұшу-қону алаңын су басу қаупінен сақтау үшін Майбалық өзенінен келетін суды кедергісіз өткізу көлемін арттыру бойынша «Нұра-Есіл» (ұзындығы 5,4 километрді құрайтын) каналының түбін кеңейту және жағалау еңістерін нығайту қарастырылған (2018 жылдың наурыз айы)», — деп хабарлады Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, «Кіші Талдыкөл» өзені және «Ильинка» тұрғын үй алабындағы дамбының жан-жағын бекіту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі кезде жұмыс көлемінің ауқымы, жұмысқа жауапты мемлекеттік мекеме және құрылыс компаниясы анықталды.

Ал газ аппаратурасы ауданы аймағында Есіл өзенінің арнасын кеңейту қарастырылған. Қала билігі аталмыш аймақты жиі су басып қалу мәселесі барын айтады. Бұл мәселе Есіл өзенінің арнасын кеңейту құрылысы аяқталған кезде шешілуі тиіс.

«Бүгінде біз ТЖ фактілерін болдырмау мақсатында әзірленген шараларды іске асыруға кірістік, соның ішінде «Жол картасы» шеңберінде «2017-2020 жылдарға арналған тасқын қаупінің алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» және «Арнаны қайта жаңарту жобасы» бойынша № 1, 2, 3, 5-ші жер учаскелерін босату (барлығы 152 жер учаскесін алу көзделген, қазіргі күні 26 жер учаскесі алынған)», — деді қала әкімі. 

Қысқасы, елорда әкімі су тасқынын болдырмау бойынша барлық шара бақылауда және уақтылы жүргізілетінін айтты.  


23
Загрузка...