Қоғам

Байбек: Алматыда 500 теңгеге дәмді тамақ жеуге болатын мейрамханалар бар

© PhotoТағам
Тағам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Теңге құнсызданғаннан кейін шетелдіктер үшін мейрамханалардың бағасы едәуір арзандаған

АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполис әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы қалалардың қатарына қалай қосылғанын айтты.     

"Біздің бағдарламаның негізі басымдығы – қалада өмір сүруге қолайлы жағдай жасау. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген табысты қала ашық әрі тартымды болуы тиіс. Worldwide Cost of Living рейтингіне сәйкес Алматы 2016 жылы әлемдегі өмір сүруге және жұмыс істеуге ең қолайлы қалалардың қатарынан табылды", — деп хабарлады Байбек. 

Оның айтуынша, мұнда девальвацияның да айтарлықтай рөлі бар.  

Стивен Сигал: бешбармак — самое лучшее, что я ел - Sputnik Қазақстан
Видео
Стивен Сигал: бесбармақтай дәмді тамақ жеген емеспін
"Егер бұрын доллар бір бәс төмен тұрса, бүгінде шетелдіктер мейрамханадан 500 теңгеге дәмді ас іше алады. Бұл өте арзан, сондықтан біз рейтингте өте жоғары тұрмыз", — деп түсіндірді Байбек орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Айта кетейік, Worldwide Cost of Living зерттеуі жылына екі рет жүргізіледі, ол 160 тауар мен қызмет түріндегі 400 жеке бағаны салыстыруға негізделген. 


Жаңалықтар
0