Бұрқасын, архивтегі фото

Ертең еліміздің кей өңірлерінде көктайғақ болып, бұрқасындатады

296
(Жаңартылды 19:41 16.11.2017)
Синоптиктер 17 қарашаға болжам жасады

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ертең, 17 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, тек оңтүстік-шығыс пен оңтүстікте, батыста күн ашық, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.  

Республиканың кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, солтүстікте бұрқасын болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел күшейеді – 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде15-20 м/с жетеді, кей аудандарда бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. 

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі,  жел 15-20 м/с-ке күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


296