Түркия және Қазақстан тулары

Түркия Қазақстанның латынға көшу туралы шешіміне қолдау білдірді

178
(Жаңартылды 17:31 27.11.2017)
Түркия Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша дамытуға мүдделі

АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Тұңғыш Президент күніне арналған "Жаңа жаһандық болмыстағы Қазақстанның жаңғыру моделі" халықаралық парламенттік конференциясында Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Ахмет Айдын Қазақстанның латынға көшу туралы бастамасының сәтті іске асырылуына тілектестік білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біздің елдеріміздің арасындағы тамыры терең қарым-қатынас өзара түсіністік негізінде дамып, стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтерілді. Маңызды мәселелер бойынша тұрақты түрдегі диалог,  екі ел президенттерінің тығыз және достық қарым-қатынасы және жоғары деңгейдегі өзара іс-сапарлар барлық сала бойынша байланыстың дамуына ықпал етті. Қазақстанға биылғы жылы қыркүйекте жасаған ресми сапары барысында Түркия президенті Ердоған айтқандай, біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша дамытуға мүдделіміз", — деді Ахмет Айдын. 

Оның айтуынша, президент Назарбаевтың келесі жылы көктемдегі Түркияға жоспарланған сапары біздің қарым-қатынасымызды одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз. 

"Фетхуллах Гюленнің террористік ұйымының 15 маусымда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған әрекетінен кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші болып біздің елімізге келді. Осылайша ол біздің еліміз бен халқымызға қолдау көрсетті", — деп атап өтті ол. 

Түркия парламентінің өкілі өз елінің Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіретінін жеткізді. 

"Латынға көшу жөніндегі шешімнің сәтті жүзеге асырылуына тілектеспіз. Бұдан бөлек, Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізуімен құттықтаймыз. Біздің еліміз көрмеге белсенді қатысты, біз үшін бұл зор құрмет болды", — деген Ахмет Айдын "түрік әлемінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан еңбегін" атап өтіп, қазақстандықтарды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

178
Тақырып:
Латын әліпбиіне көшу (46)
Полиция инспекторы

Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды

15
Күдікті өз кінәсін толық мойындағаны үшін қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақтөбеде карантиндік блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша құқық қорғаушы жергілікті полицияда жұмыс істейді. Қызметі – патрульдік полицияның инспекторы.

"Полицей 30 мамыр күні 10 800 теңге тұратын "Парламент" темекісінің екі қаптамасын пара ретінде алған. Сол үшін "Магистраль №4" блок бекеті арқылы арнайы рұқсатсыз өткізуге уәде еткен", – деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Тергеушінің айтуынша, өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап республика бойынша барлық блок бекеттер алынды. Содан кейін барлық бағыттағы қалааралық автобус қатынасы ашылды. Пойыздар да жүре бастады.

Оқи отырыңыз: СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

15
Кілт сөздер:
пара, полицей
Тақырып бойынша
Карантин кезінде ажырап қалған: полиция балаларды ата-анасымен қауыштырды – видео
Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін түсіндірді – видео
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Жамбыл облысында болған оқиғаның видеосы жарияланып кетті - полиция ақпарат берді
Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева қазір немен айналысып жүр - желіде видео пайда болды

662
(Жаңартылды 13:38 04.06.2020)
Жастар конгресі кеңесінің төрағасы ұйымның жаңа кеңсесінде болып, отырыс өткізгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сенаттың бұрынғы спикері Дариға Назарбаева Қазақстанның жастар конгресінің төрағасы қызметін атқарып жүр. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға ұйым растады.

"Иә, Дариға Нұрсұлтанқызы Қазақстан жастар конгресін басқаруды жалғастырып жатыр. Жақында конгресс төрағасы жұмысқа байланысты жиналыс өткізді. Ол жерде конгрестің жұмыс жоспары мен өткен жылдағы қызметінің қорытындылары талқыланды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Жастар конгресі атқарушы директорының орынбасары Әсем Мәдекешова. 

Қазақстан жастары конгресі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылды. Республикалық және халықаралық деңгейде табысты жұмыс істейтін елдегі жастар бірлестіктерінің ең ірісі болып саналады, делінген ұйымның сайтында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Дариға Назарбаева Қазақстан жастар конгресін 2016 жылдан бастап басқарады. 

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылдың екінші мамырында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сенат спикері Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Назарбаеваның сенаттан кетуінің себебі неде – саясаттанушылар пікір білдірді

Мемлекет басшысы парламент сенатының төрағасы ретіндегі белсенді және жемісті жұмысы үшін Назарбаеваға алғыс білдірді.

662
Кілт сөздер:
желі, видео, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
"Ешкім қорқытып отырған жоқ": Дариға Назарбаева несімен есте қалды
 Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасады
"Бұл қалай болғаны?": Дариға Назарбаева үкіметтің жұмысын сынға алды
"Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады
Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс