Еске алу акциясы кезіндегі гүл мен балауыз, архивтегі фото

Елбасы Беларусьте Жеңіс монументіне гүл шоғын қойды

17
(Жаңартылды 15:06 01.12.2017)
Мемлекет басшысы Беларуське Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына қатысу үшін барды

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусьте Жеңіс монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасына ресми сапары барысында Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлер мен партизандарға арналған Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды", — деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Беларусь астанасында Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен екіжақты қарым-қатынастардың перспективаларын, оның ішінде қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеу мәселесін талқылады.


17
Тақырып:
9 мамыр – Жеңіс күні (12)
Загрузка...