Қоғам

Жас блогердің хаты Назарбаевты таңғалдырды

© Photo : Pixabay / Free-PhotosЖас блогердің хаты Назарбаевты таңғалдырды
Жас блогердің хаты Назарбаевты таңғалдырды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Блогер хатында тәуелсіздік жылдарында қол жеткен төрт артықшылықты атады

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Бүгін Астанада "100 жаңа есім" жеңімпаздарымен кездесіп жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жас блогердің хатына тәнті болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

латын әліпбиі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы қазақ тілін латынға көшірудің мәнін түсіндірді

"Мен бір жас блогердің хатын оқыдым. Ол осы жылдар ішінде мен төрт нәрсені айтқым келеді деген. Біріншісі – тәуелсіздіктің жариялануы мен  шекараның белгіленуі. Екіншісі – нарықтық реформалар мен жекешелендіруге тезірек өткізу. Осының арқасында мыңдаған кәсіпкер жұмысын бастады. Үшіншіден, көпұлтты қоғамда келісім мен тұрақтылық орнады. Төртіншіден, әлемде Қазақстанның жауы жоқ, бәрімен доспыз. Мен жетістіктерді оннан бастап жиырмаға дейін айта берер едім. Бірақ жас блогердің төрт артықшылықты қалай ғана тап басып айтып бергеніне таңғалдым", — деді Президент.

Айта кетсек, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді. Қазақстанның кез келген азаматы өтініш жіберу арқылы өзінің табысқа жету тарихымен бөлісуге мүмкіндік алды.


Жаңалықтар
0