Қоғам

Омарташы Елбасын балмен шай ішуге шақырды

© Sputnik / Артем Житенев / Медиабанкке өтубал
бал - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен кездесу өткізуде

АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық омарташы Анатолий Добровольский президент Нұрсұлтан Назарбаевты балмен шай ішуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Музыканттар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент ұйықтар алдында кімнің музыкасын тыңдайтынын айтты

Елбасы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен кездесіп жатыр. Аталған жоба елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді. 

Форум қатысушыларының бірі – 33 жастағы Анатолий Добровольский Елбасыға өз жұмысы туралы айтты. 

"Мен өзімді денім сау және бақытты санаймын. Сүйікті ісіммен айналысқандықтан, бақыттымын. Күн сайын бал жегендіктен, денім сау. Рецепт қарапайым: күніне екі қасық бал жейсіз, біреуін – таңертең, екіншісін – ұйықтар алдында. Әлемде Қазақстандағы сияқты омарта шаруашылығымен айналысуға бірегей табиғаты бар небәрі бес-алты ел бар", — деді Добровольский.

Қазақстандық омарташы президентке тиімді ұсыныс жасады. 

Жас блогердің хаты Назарбаевты таңғалдырды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жас блогердің хаты Назарбаевты таңғалдырды

"Нұрсұлтан Әбішұлы, мен былай есептеп көрдім. Мұнай баррелі 60 доллар тұрады, ал бал баррелі – 700 доллар. Омарта шаруашылығы нарығында дағдарыс деген болмайды, мүмкін, Қазақстан мұнаймен ғана емес, балмен де айналысатын шығар?", — деді Добровольский.

Сондай-ақ, ол келесі жылы Ақмола облысында 400 гектар аумақта бал өндірісі бойынша конвейерді іске қосатынын айтты. 

"Бірақ менің жеке жоспарларым да бар. Құдай қаласа, үйленемін, балмен шай ішуге шақырамын", — деді омарташы.

Жаңалықтар
0