Қоғам

Канададағы қазақтар мен қырғыздар бас қосып, отандастарына үндеу жасады

© Photo : almaty2017.com/ru/Қыз Қазақстан туын ұстап тұр
Қыз Қазақстан туын ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар мен қырғызстандықтар отандастарын арандатушыларға ермей, бауырлас халық болып қалуға шақырды

АСТАНА, 3 желтоқсан  — Sputnik. Канадада тұратын қазақтар мен қырғыздар Торонтода кездесіп, екі бауырлас халық арасындағы берік достықты паш етті.     

Кездесудің видеосы YouTube-те жарияланды, деп хабарлайды  Sputnik Қырғызстан.   

"Әрқайсыңызды арандап қалмауға қашырамыз. Біз бауырмыз, солай болып қалуға тиіспіз ", — деп мәлімдеді іс-шараға қатысушылар. 

Олар сондай-ақ отандастарын келе жатқан жаңа жыл мейрамымен құттықтады.  

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев пен Жээнбеков келісімге келді: шекарада енді қиындық болмайды
Айта кетейік,  30 қараша күні Минскте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысушы елдер басшыларының кездесуі өтті. 

Саммитте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру қажеттігін атап өтті. "Қордай" бақылау-өткізу пунктінде шекараны уақытша ашып, екі жақтан бақылау орнатуға шешім қабылданды.   


Жаңалықтар
0