Аружан Саин

Аружан Саин жарақаты салдарынан азап шегіп жүрген балаға көмектесуді сұрайды

102
(Жаңартылды 11:43 06.12.2017)
Балаға операция жасап, емдеу үшін тезарада шетелге жіберу керек

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Қоғам қайраткері, қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин қатты күйік алып, жарақатынан әлі де айыға алмай, қиналып жүрген бала туралы әлеуметтік желіде айтып, жанашыр жандардан көмек сұрады.

Саинның айтуынша, Алматы облысында 2015 жылы бес жасында қатты зардап шеккен бала тұрады. Пеш жарылып кеткенде, баланың киімі өртеніп, салдарынан денесінің жартысы күйіп кеткен. Балақай облыстық балалар ауруханасында ем алыпты.

"Қазір жағдайы ауыр, жарасының салдарынан бүкіл денесі тартылып, мойын және иық терісі бас/ бет терісімен жабысып қалған. Бұрын мұндай балаларды шетелге жіберетінбіз, өйткені оларға тері ауыстырып немесе жасанды тері қолдану керек. Ал бізде ондай әдіс-тәсілдер жоқ. Яғни, бала өскенімен, күйік орнындағы тыртық тері өспейді, керісінше тырысып, тартылып, баланың жанына батады! Бұл баланың бүкіл денесі зардап шеккен, оның нендей хәл кешіп жүргенін елестету қиын", — дейді қор директоры.

Оның айтуынша, баланың анасы маскүнемдікке салынған, оған ешкім қарамайды, жеті жасқа келсе де мектепке бармапты, осы уақытқа дейін ем де қабылдамаған.

Аружан Саин осы уақытқа дейін ешқандай мемлекеттік органның балаға назар салмағанына наразы.

"Облыстық денсаулық сақтау бөлімі қайда? Емхана қызметкерлері қайда? Бала көмекке мұқтаж екенін біледі емес пе?! Республикалық ауруханаға жолдама беріп, баланың ем алуын қадағалау керек еді! Қай жерге барса да, балаға жасанды тері қажет екенін айтар еді, баланы шетелге емделуге жіберу керек. Ол бала емес пе, тірі жан иесі! Азап шегіп, қиналып жүр ғой!", — деп жазады Саин.

Қор директоры барлық мемлекеттік органдар мен жанашыр жандардан балаға көмектесуді сұрайды. Саин қор реквизиттерін беріп, не істеу керектігін нақты жазып көрсетті.

102
Медицина қызметкері

Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

17
(Жаңартылды 15:20 07.08.2020)
Ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылғаны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқынына арналған болжамды әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Людмила Бюрабекованың айтуынша, шілде айында алдын ала есептеу жүргізіліп, коронавирустың таралуына қатысты болжам әзірленген болатын. Оған сәйкес, ауруханаларда қосымша төсек орындарды жасақтау жоспарланған. Жансақтау бөлімдерін кеңейту шаралары да қарастырылған. 

Бастапқы болжамда коронавирусқа шалдыққан науқастар ғана есепке алынды. Ал 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктірілді. Осыған байланысты болжамды қайта қарау туралы шешім қабылданып отыр. 

"Демек, бізге бәрін қайта есептеп шығу керек. Қазір әлем бойынша коранавирустың екінші толқыны туралы айтып жатыр. Күзде болады деп отырмыз. Сол кезде вирустық инфекциялар, тұмау сынды маусымдық аурулар да көбейеді. Осының бәрін болжамда көрсету керек. Жақын арада біз осы құжатты жариялаймыз", - деді Бюрабекова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

17
Кілт сөздер:
коронавирус, вице-министр, денсаулық сақтау министрлігі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы бір облыста карантин жеңілдетіледі
"Олар кінәлі емес": Елді шулатқан дәрігерлерді министрлік қорғаштап жатыр
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхана әшкереленді – видео
Химиялық ыдыстар

Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған ірі зертхана әшкереленді видео

28
Күдіктілер есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша жасырын зертхана ашқан

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген зертхананы анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, 27 шілде күні Алматы қаласында екі ер адам ұсталды. Олар арнайы зертханада синтетикалық есірткі өндірген. Құқық қорғаушылар ұсталғандардың үйін, автокөлігі мен зертхананы тінтіп, сатуға дайын 55 келіден астам жоғары сапалы "мефедрон" есірткі затын тәркіледі. Қылмыскерлер оны кристалдап үлгерген.

"Тәркіленген есірткі партиясының "қара нарықтағы" құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, қылмыскерлерден ірі сомада шетел валютасы мен атыс қаруы алынды", - дейді тәртіп сақшылары. 

Бұдан бөлек, есірткі өндірудің толық әрі сапалы циклын қамтамасыз ететін зертхана жабдығы, 30 келі есірткі жасауға жететін бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер тәркіленді. Бұл ел тарихында анықталған ең ірі есірткі зертханасы болып отыр. 

"Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды. Есірткі жасау және өткізу фактісі бойынша мүлікті тәркілеумен он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Күдіктілер бастапқыда тұрғылықты жері бойынша жасырын есірткі синтезін ұйымдастырған. Кейіннен есірткі затын сатудан түскен ақшаға "Іле-Алатауы ұлттық паркі" аумағынан коттедж сатып алып, онда "мефедрон" өндіру бойынша толыққанды жасырын зертхана ашқан. Есірткі өндіру көлемі өнеркәсіппен бірдей болды.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіттің есірткі өндіретін зертханасы әшкереленді

Ал оның көлемді партиялары интернет желісіндегі "DarkNet" атты көлеңкелі сегментінде жұмыс істейтін ірі есірткі дүкендерінің өкілдеріне сатылған. Қылмыскерлер төлем ретінде көбінесе биткоинмен есеп айырысып отырған. Олардың айтуынша, өнімдерінің тазалығы мен сапасының жоғары болуына байланысты елдегі ірі қалалардан тапсырыс көп түсіп тұрған.

28
Кілт сөздер:
зертхана, есірткі сату, есірткі
Тақырып бойынша
"Есірткі шегіп алғансың!". Танымал сарапшы Головкинге қандай баға берді?
Он үш қабырғасы сынған: Есірткі "шеккен" 2 жасар бала әкесінің қолынан өлді
Қазақстанда оқушыларға дәрілік есірткі сатқан 101 дәріхана басшысы жауапқа тартылды
Білім министрлігі Шымкентте есірткі сатқан оқытушыға қатысты мәлімдеме жасады
Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін