Ақорда

Назарбаев ғылым мен техника саласындағы сыйлықты кімдерге берді?

216
(Жаңартылды 18:34 07.12.2017)
Президент 2017 жылы аталған салалардағы мемлекеттік сыйлықты төрт санат бойынша беруге шешім қабылдады

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы 2017 жылы сыйлықты төрт санат бойынша беруге шешім қабылдады: 

1) «Қазақстандық іргелі ғылымды әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығаруға икемдеуші нақты ғаламның қасиеттерін сипаттайтын гравитация теориясын дамыту» тақырыбындағы жұмысы үшін:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, университет жанындағы  «Еуразиялық халықаралық теориялық физика орталығы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – Рәтбай Мырзақұловқа;

2) «Ерте және орта ғасырлардағы Қазақстандағы кенттену (Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының зерттеу материалдары негізінде)» тақырыбындағы жұмысы  үшін:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының урбанизация және номадизм бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – Карл Молдахметұлы Байпақовқа;

3) «Болат өндірісінің бәсеке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін, төмен сапалы (фосфоры жоғары қоңыр темірлі) және техногенді шикізаттарды өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгейдегі технологияларды әзірлеу және оларды коммерцияландыру» тақырыбындағы жұмысы үшін:

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, болат металлургиясы және материалтану зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты – Әбілқасым Балқияұлы Ахметовке;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі директоры – Вадим Борисович Басинге;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының кеңесшісі – Михаил Федорович Витущенкоға;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалының кендерді байыту зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор – Айдархан Ахуанұлы Мұхтарға;

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы – Альберт Павлович Рауға;

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Астана филиалының директоры, техника ғылымдарының докторы – Баймахан Нұрлыбайұлы Сәтбаевқа;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі директорының орынбасары – Владимир Иванович Яблонскийге;

4) «Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Валерий Васильевич Бенберинге;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы – Әмір Амантайұлы Әхетовке;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Александр Евгеньевич Гуляевке;

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділовке;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы – Алмагүл Рахымберліқызы Құшұғұловаға;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Талғат Сейітжанұлы Нұрғожинге;

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке;

«Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамының бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор – Гүлнұр Зейнелқызы Танбаеваға берілді.

 


216
ҰБТ-2020

ҰБТ-2020: министрлік тестілеу қорытындысын жариялады

96
(Жаңартылды 22:04 02.07.2020)
Биыл ҰБТ 21 маусым мен 1 шілде аралығында өтті. Бұл жолы тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде өтініш қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. ҰБТ қорытындысы бойынша шектік балды жинаған талапкерлер саны – 82 154. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балл болды, деп хабарлайды білім министрлігі. 

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысын жариялады. Мәліметке сәйкес, пандемия тестілеуге әсерін тигізбеген. 2019 жылдағы көрсеткіштен айтарлықтай айырмашылық жоқ.

Қанша түлек тест тапсырды

Биыл тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде өтініштер қабылданды: 131 754 өтініш тіркелді, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12%-ға төмен болғанын айта кеткен жөн.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өткізілу барысын қадағалау мақсатында қалалар мен өңірлерге Білім және ғылым министрлігі тарапынан 1 983 өкіл жіберілді. Сонымен қатар ҰБТ барысын құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, үкіметтік емес ұйым, БАҚ, "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің өкілдері мен  қоғам белсенділері кірген Арнайы мониторингтік топқа мүше 510 адам бақылады. 

Шектік балл

Маусым айында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша, тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1%-і ҰБТ-ға қатысты, 2019 жылы бұл көрсеткіш 94%-ды құраған болатын.

"Шектік балды жинаған талапкерлер саны – 82 154, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады. Жалпы 2019 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ", - деп хабарлады министрлік.

ҰБТ-2020: жаңашылдықтар

Биыл алғаш рет электрондық үкімет базасы арқылы Face ID жүйесі пайдаланылды. Осыған байланысты ҰБТ тапсыруға басқа адамның кіруі әрекеттерінің саны айтарлықтай төмендеді. Мәселен, биыл 7 мектеп түлегі өз орнына ҰБТ-ға басқа адамды жібермек болған, өткен жылы мұндай 34 жағдай орын алған еді.

119 тестіленуші денсаулығына байланысты ҰБТ тапсырмады. Олар үшін басқа күндері, 19 шілдеге дейін тестілеу ұйымдастырылатын болады. 

Биыл алғаш рет талапкерлер үшін калькуляторларды пайдалануға рұқсат етілді, тестілеу уақыты ұзартылып, түлектер қорытынды мектеп емтихандарынан босатылды.

"ҰБТ жүргізілген әр аудитория арнайы бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Нәтижесінде 9,5 млн-нан астам адам ҰБТ-ның өткізілу барысын онлайн режимде бақылады. Енді ережеге сәйкес 2020 жылғы 25 тамызға дейін бейнежазбалар жіті тексеріледі. Егер бейнежазбада грант иеленген талапкердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестіленушінің ҰБТ нәтижесі жойылады",- делінген хабарламада.

Пандемия кезіндегі тестілеу

Еліміздің барлық ҰБТ өткізу пунктерінде сақтық шаралары қолға алынып, медициналық-санитарлық нормалар қатаң сақталған болатын. Әрбір ҰБТ-ға қатысушы дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде талапкерлер арасында кем дегенде екі метр арақашықтық сақталды. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, тазаланды. Аудиториялар 35%-ға дейін толтырылды, әрқайсысында тек 10-18 адам отырды. Өткен жылы бір аудиторияда орташа есеппен 50 талапкер болған. 

Еске сала кетсек, келесі ҰБТ тамыз айында өтеді. Оның нәтижесі бойынша талапкер шектік балл жинаса, ЖОО-ның ақылы бөліміне түсе алады. Сонымен қатар жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсу үшін қаңтар айындағы ҰБТ сертификаттары да жарамды.

96
Кілт сөздер:
тест, түлек, білім министрлігі, ҰБТ
Тақырып бойынша
ҰБТ-2020: 138 балл жинаған ауыл баласы тестті қалай тапсырғанын айтты
Ауыл мектебінің оқушысы ҰБТ-да 138 балл жинады
ҰБТ-ның үшінші күні: ұпай бойынша ауыл баласынан әлі ешкім асқан жоқ
ҰБТ нәтижесі жойылған талапкерлерге қатысты жағымды жаңалық жарияланды
Қазақстанда тамыз айында тағы бір ҰБТ өтеді
Дәріхана, архивтегі сурет

Министрлік парацетамол орнына қолдануға болатын дәрілер тізімін жариялады

152
Парацетамол коронавирус пандемиясы кезінде ең көп сұранысқа ие дәрінің біріне айналды, соның нәтижесінде оны дәріхана сөрелерінен табу мүмкін болмай қалды

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтауминистрлігі жанындағы Ұлттық сараптама орталығы дене қызуын түсіретін және құрамында парацетамол бар дәрілердің тізімін жариялады.

Тізімге таблетка, ұнтақ және дене қызуы кезінде еритінқатты препарат түрінде шығарылатын 60 шақты дәрі енгізілді.

Дәрілер тізімі

Колдрекс актив, фасторик, ценипар экстра, тераФлю макстаб, цефекон, парамолан, балалар панадолы, панадол экстра, антифлу, антифлу Кидс, колдрекс юниор хот дринк, ИН-ГРИПП, день и ночь, гриппостад С Стик, агриппин, тайлол 6 Плюс, эффералган, флюкол-С, пардифен, КОМБИГРИП, максиГриппин, цитрамон П, фервекс, ректол-125, ректол-250, аскофен, нолгрипп, суықтимицин, КМ-парацетофит, парацетамол Роутек, ОРВИколд, боксГрипал, гриппоФлю, танфлекс, ГРИПГО, вива Фам парацетамолы, терафлю, колдфри, Б. Юраун парацетамолы, ринза, гриппостад, ТАЙЛОЛФЕН ХОТ, стопгрипан-Лимон, цитрик Солпадеин Актив.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі парацетамол мен коронавирусты емдеуге арналған өзге де дәрілердің сату бөлімдеріне жеткізіліп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Қазақстанға парацетамолдың 2 миллион қаптамасы әкелінетіні хабарланды.

Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой парацетамолдың тапшылығына қатысты пікір білдірді. Ол кеше, 1 шілде күні астанадағы дәріханаларға 70 мың қаптама таратылғанын айтты. Соның бәрін жарты сағаттың ішінде сатып алды. Министр қазіргі кезде препараттарды интернет желісінде сатып, үстінен пайда табатындар бар екенін атап өтті. Енді, осы мәселемен құзіретті органдар айналысатын болады.

 

 

152
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрі, министрлік
Тақырып бойынша
Парацетамолды күніне неше рет ішуге болады – денсаулық министрлігі кеңес берді
Коронавирустан дәрі-дәрмексіз емделуге болады – инфекционист кеңес берді  
Денсаулық министрі парацетамол тапшылығына кімдер кінәлі екенін айтты 
Парацетамол ұрлаған: Атырауда дәріхана тоналды
Алматы облысында парацетамол ішкен қыз көз жұмды
Ресейдің СІМ ғимараты

"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

0
Таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің тәлібтермен "сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар екеніне қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған.

"Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді Кабулов Sputnik радиосына. 

Ол сондай-ақ, мақалада есімі аталатын контрабандист Рахмат Азизи жайлы ешқашан естімегенін айтты. Басылымның мәліметі бойынша, ол екі тараптың арасында бас делдал болған.  

Сонымен қатар Кабулов мақаланы оқып отырған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп туындайтынын атап өтті.

"Жалған дүниені де мұқият дайындау қажет",- деп толықтырды ойын Кабулов. 

Айта кетейік, таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады. Мақала авторының айтуынша, делдал – контрабандист Рахмат Азизи деген азамат.

Бұған дейін NYT басылымы атауы көрсетілмеген арнайы қызметтерге сілтеме жасап, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасағаны үшін Ресейдің тәлібтермен байланысы бар жауынгерлерге сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады. Алайда мақалада ешқандай дәлел көрсетілмеген.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін деп бағалады.

0