Операция, архивтегі фото

Елімізде алғаш рет науқасқа жасанды жүрек салынды

251
(Жаңартылды 18:34 07.12.2017)
Астанада ер адамға құны 1 млн еуро тұратын жасанды жүрек имплантациясы жасалды

АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Астанада  Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы базасында халықаралық зерттеу аясында жаңа жасанды жүрек имплантациясы бойынша операция өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Ота Павлодар облысында тұратын 60 жастағы қарияға жасалды. Ер адам ұзақ жылдар созылмалы жүрек ауруымен ауырған. 

«Жасанды жүрек имплантациясы әлемде Франциядан кейін Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр. Операция халықаралық зерттеу аясында өтті. Зерттеуге Қазақстанды қоса алғанда, бес ел қатысып жатыр», — деді орталық басшысы Юрий Пя елордада өткен баспасөз мәслихатында. 

Францияда жасанды жүрек салу операциясы 2015 жылдан бері жүргізіліп келеді. CARMAT деп аталатын толығымен жасанды жүрек – франциялық компанияның өнімі. Еуропа аэроғарыш және қорғаныс концернімен бірлесіп жасалған. 

«Бұл жүректің орнына салынатын аппарат. Жүректің жұмысын бақылайтын механизм, яғни контролері шағын сөмкеде. Пациент оны үнемі өзімен бірге алып жүреді. Қуатталатын батареялары бар. Қазақстан зерттеуге қатысқан елдер арасында алғаш болып рұқсат алды», — дейді Пя. 

Баспасөз мәслихатынан кейін журналистер жасанды жүрек салынған қартпен әңгімелесуге мүмкіндік алды. Жүрегінің нашарлығынан соңғы төрт айын аурухана төсегінде өткізген Құнанбай Абраев қазір емін-еркін жүріп жүр. 

Құнанбай Абраевқа жасанды жүрек имплантациясы жасалды
Құнанбай Абраевқа жасанды жүрек имплантациясы жасалды

 Мүлде жүрмейтін, 4 ай бойы палатада жатты. Қазір күні бойы жүреді. Қазір шығуға дайындалып жүр. 

«9 жыл бойы ауырдым. Қазір, міне, жағдайым жақсы. Ауруханаға келген кезде аяқтарым ісіп кеткен еді. Жүріп-тұрудан қалдым. Операциядан кейін денсаулығым жақсарды. Қазір аурухана фойесін кемінде 3 рет айналып шығамын», —дейді науқас. 

Жасанды жүрек имплантациясы әзірге сынақ болғандықтан, тегін жасалды. Бар шығынды франциялық компания өз мойнына алған. Ал аппараттың өзіндік құны, Пяның айтуынша,  бір миллион еуроға тең.


251
Ақша, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды

20
(Жаңартылды 12:39 04.06.2020)
Шенеунік Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларды өткізу үшін келісімшарт рәсімдеуге қамқорлық жасаған деп күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Елорданың мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Агенттік Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларды өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын рәсімдеуге қамқорлық жасағаны үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр", – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алулар аясында бюджеттен бөлінген қаржының жалпы сомасы 195 миллион теңге болған.

"Тергеу сотының шешімімен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", – деп атап көрсетті Биғайдаров.

Оқи отырыңыз: Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео

20
Кілт сөздер:
пара, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Қазақстанда 11 шенеунік отставкаға кетуі мүмкін
"Ешбірі баланы ойламайды": Шенеунік жатып ішер басшылар жайлы ашық жазды
Кісен, архивтегі сурет

Ғылым ордасының басшысы қызметкерімен қоса ұсталды

32
(Жаңартылды 12:51 04.06.2020)
Олар мемлекетке тиесілі үй-жайды жалға бергені үшін тұрақты түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, мекеме басшысы қол астындағы қызметкерімен бірге пара алғаны үшін айыпталып отыр.

"Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Ғылым ордасы" РМК бас директоры мен осы мекеменің бас экономисіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар мемлекетке тиесілі үй-жайды жалға бергені үшін тұрақты түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікке ілінді. Жалға беру кезінде тиісті келісімшарттар жасалмаған", – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, мекеме директоры ұсталып, уақытша қамау абақтысына тоғытылды.

"Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады", – деп атап көрсетті Биғайдаров.

Айта кетейік, білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетіне қарасты "Ғылым ордасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан республикасы үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы №84 қаулысымен құрылған болатын.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мұражайларды дамыту, елдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу және танымал ету. Ғылым ордасы базасында Қазақстан ғылымының тарихы, табиғат, археология және сирек кездесетін кітаптар мұражайлары жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы ауданының судьясы парамен ұсталды - видео

2014 жылдан бастап ғылым мен білімді интеграциялау мақсатында Ғылым ордасының базасында білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті, ғылыми-зерттеу институттарының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлескен ғылыми кадрларды даярлау орталығы құрылып, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда.

32
Кілт сөздер:
пара, ғылым академиясы
Тақырып бойынша
Балабақша меңгерушісі өз кабинетінде парамен ұсталды – видео
Ұлттық компанияның өңірдегі басшысы 2 миллион теңге парамен ұсталды
Петропавлда әкімдікте істейтін жас жігіт парамен ұсталды – видео
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Ақмола облысында әкімнің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде тағайындау жасады

205
(Жаңартылды 12:42 04.06.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қауіпсіздік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметіне Ерлан Байтұқбаев тағайындалды. 

Елбасының ресми сайтында Қазақстанның тұңғыш президенті, Кеңес төрағасының шешімімен Шоқан Елшібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылғаны жазылған.

Оның орнына бұған дейін Қауіпсіздік кеңестің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған Ерлан Байтұқбаев келді.

Ерлан Байтұқбаев туралы не білеміз

Ерлан Байтұқбаев 1969 жылы туған. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін  тәмамдаған (мамандығы "құқықтану").

Еңбек жолы Алматыда Фрунзе ауданы прокурорының көмекші-стажері ретінде бастады. Түрлі жылдары прокурор, аға прокурор, Қостанай облысы прокурорының орынбасары, Орталық көлік прокуратурасы аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары, инвестициялар және даму министрлігі комитеті басшысының орынбасары болған.

Тағайындауға дейін Қауіпсіздік Кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

205
Кілт сөздер:
тағайындау, Қауіпсіздік кеңесі, Назарбаев
Тақырып бойынша
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Назарбаев елге қандай адамдар қажет екенін айтты 
Назарбаев "Самұрық-Қазына" басшылығын мақтады
Тоқаев Қытай басшысына хат жазды
Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты