Тұрсынбек Қабатов

Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысына қолдау білдірді

26707
(Жаңартылды 17:17 28.03.2019)
Елімізге танымал әртіс мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабақтарын енгізуді ұсынған

АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыра үйрену сабағын мектепте факультатив ретінде оқыту керек деп есептейді.  

"Белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатов мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабақтарын енгізуді ұсынды. Факультатив ретінде енгізуді қолдаймын", — деп жазды ол твиттедегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, сенат төрағасы бұған дейін латын әліпбиіне көшуге қатысты пікір білдірген еді. Оның пайымынша, ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет.
"Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет. Елбасы айтқандай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн", — деді Тоқаев. 
26707
Кілт сөздер:
домбыра, Қасым-Жомарт Тоқаев, Тұрсынбек Қабатов
Тақырып бойынша
"Залда шал жоқ". Тұрсынбек Қабатов әнші Төреғалимен әзілдесті
Назарбаев отставкаға шыққаннан кейін немен айналысып жүр - фото
Ұстауға және қамауға болмайды: Назарбаев пен отбасы қандай кепілдікке ие?
Тұрсынбек Қабатов ұлды болды
Тұрсынбек Қабатов халыққа неге жақпай қалғанын ашық айтты
Тұрсынбек Қабатов туралы не білеміз?
Загрузка...