Қоғам

Министр қандай елдерден әкелетін ойыншықтардың зиянды екенін айтты

© SputnikОйыншықтар
Ойыншықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, ойыншықтардың 36,6 пайызы балалар үшін зиянды

АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Балалардың денсаулығына зиянды ойыншықтардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан жеткізіледі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елжас Біртанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Біртанов: пациенттердің ашулануына өзіміз кінәліміз – адамдармен жұмыс істеуді білмейміз

Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын xалық жиі тұтынатын тауарларды сатып алып, арнайы зертxаналарда тексеріп отырады. Жыл басынан бері 38 мыңнан астам өнімнің сапасы зерттелген. 

"Тамақ өнімдерінің 7,3 пайызы талапқа сай емес болып шықты. Соның басым бөлігі — шетелден келетін тауарлар. Жалпы, 172 мың тоннадан астам тауарлар утилизацияға жіберілді. Себебі xалық денсаулығына зиянды. Аталған тауарлардың ішінде балаларға арналған өнімдер де аз емес. Осы орайда ойыншықтардың 36,6 пайызы балалар үшін зиянды екенін ерекше атап өткен жөн. Ондай ойыншықтардың құрамында улы заттар, я болмаса, жарақат салу қаупі бар. Ондай ойыншықтардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан жеткізіледі", — деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында. 

Айтуынша, тексерістер кезінде сырттан тауар тасып жүрген 50 кәсіпкер анықталған. Олар 52 мыңнан астам тауар түрін алып келіпті. Соның ішінде жеңіл өнеркәсіп тауарлары, ойыншықтар мен тамақ өнімдері бар.

Жалпы, тексерістердің нәтижесі бойынша 107 сот шешімі шығарылып, 20 миллион теңгеге айыппұлдар салынған.

Жаңалықтар
0