Қоғам

Мейрамбек пен Сәкен Қарағандыда ереуілдеген кеншілерге қолдау білдірді

© PhotoМейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиев
Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әншілер кеншілер мәселесінің тезірек шешілуіне тілек білдірді

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Белгілі әншілер Мейрамбек Бесбаев пен Сәкен Майғазиев Қарағанды облысында ереуілдеп жатқан шахтерлерге қолдау білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"АЛЛАның сәлемі, тыныштығы, берекесі болсын, жақсылар! Сізге де, бізге де жылу сыйлап жүрген арыстай азаматтарға АЛЛА пана болғай! Біз сіздермен біргеміз! "Жау жағадан алғанда, бөрі етектеннің" керін киіп, отқа май құйғың да келмейді. Насырға шапқан істің анық-қанығын анықтайтын құзырлы орындармен қатар Сырым Әбдіраxман мырза бастаған атқамінерлер азаматтығын танытып жатқанына разылығымызды білдіреміз. Ебін тауып екі асап, түйені түгімен жұтып жүргендер де АЛЛА алдында есеп береді. АЛЛА — бәрін білуші!", — деп жазған Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev) Дек 14 2017 в 2:45 PST

Мейрамбек Бесбаев та кеншілердің мәселесі тез шешілуіне тілектестік білдірген. 

"Тезiрек шешiлсе екен деп тiлеймiн! Жердiң астында да, үстiнде де тыныштық болмай барады… #ЖанАйқай", — деп жазған әнші. 

Әзірге басқа әншілер үнсіз қалып отыр.

Бұған дейін белгілі продюсер Баян Алагөзова да өз пікірін айтып, кеншілерді жер астынан шығаруды сұраған болатын. 

"Мьянма мұсылмандарын ренжіткен кезде жалқаулар ғана олар үшін қынжылған жоқ, бірақ олар алыста, сондықтан шындық қайсы екенін кім біледі?! Ал біздің жігіттер дәл жанымызда, қорғаушылар болса бұрыш-бұрышқа тығылды. Мен мәселенің бейбіт шешілгенін қалаймын, шахтерлерді жер бетіне шығарыңыздаршы, өтінемін. Олар отбасысына оралып, лайықты жалақы алуы керек, осынша адам өтірік сөйлемейтін шығар", — деп жазған еді продюсер. 

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дариға Назарбаева Қарағандыдағы шахтерлердің ереуіліне қатысты пікір білдірді

 "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартты. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеше жер астынан 150-ден астам кенші шықты. Соңғы мәлімет бойынша 500-дей шахтер әлі жер астында қалып отыр.

 

 


Жаңалықтар
0