Қоғам

Жан-жануарлардың 2017 жылғы ең күлкілі суреттері

© Photo : Jan VašekФотоаппарат
Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылғы жабайы аңдар әлемінде түсірілген ең күлкілі суреттің авторы - венгр фотографы Тибор Керц

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Кей кездері жан-жануарлар күтпеген жерден күлкілі әрі қызық қылықтар көрсетеді. Биыл жолы болғыш фотографтар адамның ет жүрегін елжірететін сүйкімді аңдардың ерекше сәттерін суретке түсіріп алыпты.

Жабайы әлемнің ең күлкілі суретін түсірген фотографқа жыл сайын берілетін Comedy Wildlife Photography Awards марапатын биыл Венгрия азаматы Тибор Керц жеңіп алды. Ол ерекше бір үштікті суретке түсіріп алған екен – екі үкі бұтақта жайбарақат отырғанда, үшіншісі төменге құлап барады.

"Су астында" категориясында Трой Мэйн жеңімпаз болды. Оның суретінде – ашуға мінген тасбақа жолына кедергі болған балықты итеріп жатыр.

Күн шуағына шомылып отырған дала тышқаны да әділқазылардың назарынан тыс қалмады. Итальян фотографы Андрей Зампати "Құрлықта" категориясында үздік атаныпты.

Фотограф Джон Трелфолл "Әуеде" номинациясында топ жарды, себебі ұшып бара жатқан үйректерді дер кезінде суретке түсірген екен.   

Ең қызықты суреттерді мына жерден көре аласыздар.

Жаңалықтар
0