Қоғам

Әзербайжан президенті Назарбаевқа хат жолдады

© Photo : сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Алиев
Нұрсұлтан Назарбаев пен  Ильхам Алиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ильхам Алиев қазақ халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Алиев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хат жолдады. Бұл туралы ӘР президентінің сайтында хабарланған. 

"Өзімнің және Әзербайжан халқының атынан Сізді және халқыңызды Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын", — делінген хатта. 

Ол бауырлас Қазақстан мемлекеттілікті нығайту ісінде, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық салаларда едәуір жетістіктерге жетіп, әлемдік қауымдастықтың белсенді және беделді мүшесі атанғанын атап өтті.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тәуелсіздік күні Астанада қандай шаралар өтеді?

"Әзірбайжан-Қазақстан мемлекетаралық қарым-қатынасы, өзара сенім мен қолдауға негізделген достығымыз бен серіктестігіміз, бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі дами беретініне сенемін", — делінген құттықтауда. 

Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт, ал бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Жаңалықтар
0