Қоғам

Google Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

CC0 / / Нетбук, гугл
Нетбук, гугл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мерекеге орай үйлестірілген суретте сары және көк түстердің ортасында қалықтаған қыран бейнеленген

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Google Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мерекелік дудл жасады.

Тематикалық суретпен берілетін дудл желідегі басты бетте орналасқан. Қалықтаған қыран бейнеленген суретті бассаңыз, "Қазақстанның Тәуелсіздік күні" сауалы бойынша іздеу басталады.

© Photo : GoogleТәуелсіздік күніне арналған дудл
Тәуелсіздік күніне арналған дудл - Sputnik Қазақстан
Тәуелсіздік күніне арналған дудл

Google әдетте елеулі оқиғаларға байланысты дудл жасап отырады. Былтыр Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай істелген дудлда "Алтын адам" бейнеленген болатын.


Жаңалықтар
0