Қоғам

Нархоз университетінің негізін қалаушылардың бірі Қаби Оқаев өмірден озды

© Sputnik / Болат ШайхиновГүл мен шырақ
Гүл мен шырақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаби Оқаев 20 жылдан астам уақыт екі ірі факультетті басқарып, 30 жыл экономика кафедрасының меңгерушісі болған

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қаби Оқаұлы Оқаев өмірден өтті, деп хабарлайды Нархоз унверситетінің баспасөз қызметі.

Владимир Шаинский - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Атақты композитор Владимир Шаинский өмірден озды

Қаби Оқаұлы 2017 жылдың 22 желтоқсанында дүние салды.

"Бұл ғылыми қауымдастық үшін  де, университет үшін де  орны толмас ауыр қаза. Қаби Оқаұлы өзінің ерекше еңбекқорлығы, терең білімі, айрықша ақыл-парасаты мен тамаша ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында білім мен ғылымның ұшар шыңынан көріне білді", — делінген хабарламада.

Қазақстандағы алғашқы экономикалық жоғары оқу орны – Алматы халық шаруашылығы институтының (қазіргі Нархоз университетінің) негізін қалаушылардың бірі ретінде ол жиырма жылдан астам уақыт бойы АХШИ-дің жоспарлау экономикасы және есеп экономикасы факультеттерін басқарды. Отыз жыл бойына (1975-2005 жылдары) үздіксіз "Экономика" кафедрасының меңгерушісі болды.

Нархоз университетінің ұжымы Қаби Оқаұлының отбасына, туған-туыстарына шынайы көңіл айтып, қайғысына ортақтасады.

Жаңалықтар
0