Қоғам

Астанадағы шыршаға әлемнің түпкір-түпкірінен селфи-құттықтау жіберуге болады

© AFP 2024Санта Клаус боп киінген қыз
Санта Клаус боп киінген қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құттықтаулар мен суреттерде жағымсыз немесе бейәдеп ештеңе болмауы тиіс

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Астанада ескі алаңда медиа-шырша орнатылған, ол түнде селфи-құттықтауларды көрсететін болады, деп хабарлады Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек әлеуметтік желіде.

"Медиа-селфи-шырша ашылды, соның арқасында әлемнің кез келген түпкіріндегі кез келген адам бәрімізді Жаңа жылмен құттықтап, жақындары мен туыстарына тілегін жеткізе алады. Енді бұл шынымен ғажайып мерекеге айналмақ", — делінген әкім хабарламасында.

 

 

Құттықтау шыршада көрсетілуі үшін арнайы сайтта бірнеше қадам орындау керек. Суреттер мен құттықтауларды жүктегенде қолданушыларға "жағымсыз дүниелерді" жолдамауға өтініш айтылды, себебі жүктелгеннің бәрі баршаға аян болады.

Жаңалықтар
0