Қоғам

Астанада балалар арбасынан әмиян ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневТеңгенің архивтегі фотосы
Теңгенің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция ақша мен құжаттарды ұрлап кеткен қызды іздестіріп жатыр

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Астананың ойын-сауық орталықтарының бірінде жас қыз қала тұрғынының әмиянын ұрлап кетті, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметі.  

"Есіл" ауданы ішкі істер басқармасына Астана тұрғыны келіп,  26 желтоқсан күні сағат 16.30 шамасында сауда ойын-сауық орталығындағы бутикте балалар арбасындағы сөмкесінен құжат және ақша салынған әмиянын ұрлатып алғанын айтып арызданған.     

"Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 23-25 жастағы қыз іздестіріліп жатыр, орта денелі, жирен шашты, бойы 160-165 см. Бұл дерек "Ұрлық" бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді", — деп нақтылады  Астананың ІІД.

Полиция азаматтардан бейнежазбадағы қыздың кім екенін анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.  

"Егер кімде-кім бұл қызды танитын болса, "Есіл" ауданы ІІБ-ге 71-64-90,+7 707 914 15-28, +7 707 790 26 06, +7 701 311 12 27 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз", — деп атап өтті Астана ІІД баспасөз хатшысы София Қылышбекова.  


Жаңалықтар
0