Әсет Исекешев

Әсет Исекешев бүгін таңертең жедел кеңес өткізді

1957
(Жаңартылды 13:46 03.01.2018)
Өткен тәулікте елорда қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 32 мың адам жұмылдырылды

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Бүгін таңертең Астана әкімі Әсет Исекешев жедел кеңес өткізді. Кеңеске қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, ІІД, ТЖД, қалалық коммуналдық қызметтер қатысты. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Facebook-тегі парақшасында жазды.   

Оның айтуынша, кеңесте өткен тәулікте қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөнінде атқарылған жұмыстар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі, криминогендік жағдай бойынша қабылданған шаралар, қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық көліктердің тұрақты жұмысы және өткен барлық іс-шара бойынша есептер тыңдалды.

"Тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларының айтуынша, өткен тәулікте елордада жағдай тұрақты болған. Сондай-ақ, қала әкімі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол тазалығын сақтау және барлық қалалық коммуналдық қызметке бірқатар міндет қойды", — деп жазды ол. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте елордада қала тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 32 мың адам жұмылдырылды.


1957
Загрузка...