Қоғам

Айжан Байзақова Zakova клубының жабылғанын хабарлады

CC0 / Daniel Lages / Дискотека, клуб
Дискотека, клуб - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Instagram жұлдызы 1 қаңтар күні клубта қоштасу кеші өткенін айтты

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Айжан Байзақова өзінің Telegram арнасында қыздар арасында шешінуден сайыс өткізілген Zakova клубының жабылғанын хабарлады.  

"Zakova" клубын жапқалы жатқанымызды айтайын деп едім. Бұған кімнің шарапаты тигенін түсініп отырған шығарсыздар… Бұл осында көңіл көтеріп, ішімдік ішіп, темекі шеккен опасыздардың  кесірінен болып отыр. Ұялы телефонның камерасына түсіріп, желіге жүктеп жібергендер мақсатына жетті, құттықтаймын! Олай болса барлық клуб пен барды жауып тастаңыздар, өйткені барлығыңыз періштесіздер ғой", — деп жазды Байзақова. 

Оның айтуынша, кеше клубта қоштасу кеші өткен.  

Айжан Байзақова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Айжан Байзақова бостандыққа шықты
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 желтоқсанында  Байзақова аталған түнгі клубта қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған болатын. Осы қылығы үшін  Instagram жұлдызы үш тәулік қамауда отырып шықты.

Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.

Келесі күні "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаевтың парақшасында оннан астам жігіттің қыздардың тәртібін сынға алғаны түсірілген видео жарияланды.  


Жаңалықтар
0