Қоғам

Яндекс.Такси мына тұрған жер үшін 9000 теңге сұраған

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЯндекс.Такси
Яндекс.Такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Такси қызметінің өкілдері бұл жайттың анық-қанығын түсіндірді

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Яндекс.Такси қызметі қала ішіндегі жолақының неге 9000 теңгеге бағаланғанын түсіндірді.

Танымал PR-маман Нұрболат Тілеу Facebook парақшасында таксидің осы ұсынысы туралы жазып, қосымшаның скриншотымен бөліскен. Қосымша MEGA Alma-Ata сауда және ойын-сауық орталығынан Абай және Өтеген батыр көшелерінің қиылысына дейінгі жолақыны 9000 теңгедей деп бағалаған.

Сонымен бірге, әдетте 15-20 минут уақыт алатын қашықтыққа бір сағат кетеді деп есептепті.

Компания бұл жайтты тексеріп, мән-жайды түсіндірді. 

"Тапсырыста Қапшағай қаласы, 5-ші шағын аудандағы 29-шы үй белгіленген. Бұл мекенжайға дейінгі қашықтық 77 шақырым. Оның үстіне жоғары сұранысты ескерсек, қосымша Nurbolat Tileu-дің жолақысы 8970 теңге болады деп есептеген. Кейде қосымша бірнеше мекенжайды ұсынып, соның ішінен қолданушы керектісін таңдап алады", — деп мәлімдеді компания.

PR қызметі клиентпен арадағы мәселе шешілгенін атап өтті.

Жаңалықтар
0