Қоғам

Астана вокзалында жезөкшелер ордасын құрған "жеңгетай" мен сыбайластары сотталды

© AFP 2024 / REMY GABALDAЖезөкше
Жезөкше - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана вокзалындағы жезөкшелер ордасы жеті жыл бойы жұмыс істеген

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Астана вокзалында притон ашып, жезөкшелер ұстаған қылмыскерлер сотталды, деп хабарлайды көліктегі ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Қыздар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыдағы стриптиз-клуб жезөкшелер ордасы болып шықты

Ведомство мәліметінше, бір топ тұлғамен алдын-ала сыбайласып, жезөкшелер ордасын құрды деген күдікпен Оңтүстік Қазақстан облысының 43 жастағы тумасы 2017 жылы 29 тамызда сағат 14.30-да ұсталған. 

Тексеру барысында көліктегі полиция анықтағандай, ұсталған әйел қылмыстық топ құрып басқарыпты, оның құрамына 1977 және 1984 жылдары туған екі әйел мен 1987 жылғы ер адам кірген. Олар 2010-2017 жылдары Астана қаласы теміржол вокзалында притон ұстап, жеңгетайлықпен айналысқан.

Былтырғы жылдың желтоқсан айында №2 Сарыарқа аудандық соты шешімімен қылмыстық топтың ұйымдастырушысы жеті жылға, сыбайластары алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0