Мешіт, архивтегі фото

Ризабек Батталұлы: әйелді денесін жарақаттап алмайтындай етіп ұруға болады

386
(Жаңартылды 20:28 05.01.2018)
Дінтанушы уағыздарының бірінде шариғат әйелді ұруға рұқсат беретінін мәлім етті

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Еліміздегі мешіттердің бірінде дінтанушы Ризабек Батталұлы ер азаматтарға айтқан тілді алмаған әйелді қалай дұрыс ұру керектігін түсіндірген. Уағыздың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. 

Оның айтуынша, әйелді денесін жарақаттап, бір жерін сындырып  алмайтындай деңгейде ұруға болады. Оған шариғатта рұқсат етілген. 

"Пайғамбарымыз үйлеріңде қамшы ілулі тұрсын деген. Ата-бабаларымыздың төрге қамшы іліп қоятын болған. Әйел ол қамшыдан сескеніп жүреді. "Левый-правый" кетті ме, ол қамшының тиетінін біледі. Аталарымыз киімнің сыртынан осып жіберетін болған. Жоныңнан таспа тілем деген содан шыққан. Қайыстың ұшы тисе, жорғалап кетесің сен. Пайғамбарымыздың ол жайлы хадисі де бар. Егер насихатыңды тыңдамаса, сендерге жарақат салмайтын деңгейде ұруға рұқсат етіледі деген. Шариғат бойынша беттен ұруға болмайды. Бірақ желкесінен қысып қойсаң болады", — деп түсіндірді Ризабек Батталұлы.

"Бостық қылып, шектен шығарып алсақ, құдайдың алдында жауап береміз. Қатігездік танытып, бір жерін сындырып алсақ та жауапты боламыз", — деп түйіндеді ол.  


386
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

1333
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

1333
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Күнтізбе - 10 тамыз

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

991
Үкімет "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" қаулыға толықтыру енгізді

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа мереке – Абай күні бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.  

Үкімет "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" қаулыға толықтыру енгізді. Осылайша, 10 тамыз Абай күні болып бекітілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады   

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылдың 31 қазанындағы № 689 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: "22-1. Абай күні – 10 тамыз", - делінген ақпаратта.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

991
Кілт сөздер:
Қазақстан, мереке
Бейрутегі жарылыс

Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

0
Ливанда 200-ге жуық Қазақстан азаматы, оның ішінде, қазақ дипломаттары мен әскери қызметшілер тұрып жатыр   

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Мишель Аунға телефон арқылы көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де хабарлады.

"Бүгін Ливан президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - деп жазды Тоқаев.

Ол Ливандағы 200-ге жуық Қазақстан азаматының, оның ішінде, қазақ дипломаттарының және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінді.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты 

"Ливан президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді", - деп атап өтті президент.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливан астанасындағы теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталған. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмапты. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

0
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, жарылыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды