Нұр-Астана мешіті

Діни басқарма әйелді ұруға болады деген дінтанушының сөзін түсіндірді

860
(Жаңартылды 09:57 06.01.2018)
Дінтанушы мешітке жиналған жамағат алдында шариғат әйелді ұруға рұқсат беретінін мәлім еткен еді

АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Нұргүл Абай. ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы дінтанушы Ризабек Батталұлының әлеуметтік желіні шулатқан видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ұтысханұлының айтуынша, әйелдерді ұруға болатыны туралы видео екі жыл бұрын түсірілген. Дінтанушы Ризабек Батталұлына бұл мәселеге байланысты ескерту жасалған. 

"Бұл екі жыл бұрын дінтанушы Ризабек Батталұлының берген сұхбаты болатын. Видеоның таралғанына екі жылдай уақыт өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуа бөлімі видеоны жан-жақты зерттеп-зерделеп, сол кезде жауап берген болатын, дінтанушының өзі де жауап берген еді кезінде. Бүгін тағы сол мәселе шу болып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен соң, қосымша жауап беруді жөн көріп отырмыз. 

Ризабек Батталұлы республикалық ақпарат-насихат тобында жұмыс істеген. Осындай мәселелерге байланысты биылғы жаңа тізім бойынша алынып тасталды. Біз оған әйелді сабау мәселесін көпшілік ортада айтпау қажеттігін, дұрыс түсіндіру керектігін ескерттік. Ол да асығыстық жасағанын мойындап отыр", — деді Алтынбек Ұтысханұлы. 

Айтуынша, қазір Ризабек Батталұлы Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Университет ректоры да, проректоры да оған артық кетпеу қажеттігін айтып, ескерту жасаған. Дінтанушы да екінші рет бұлай жасамайтынына уәде беріпті. 

"Видеода айтылған әйел адамды сабау мәселесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, пәтуа бөлімінің, ғұламалар кеңесінің ұстанымы емес. Бұл дінтанушының жеке зерттеуінің нәтижесінде айтылған сөз. Негізінде ислам дінінде ер мен әйелдің өз міндеттері бар.  Ер адамның міндеті – әйел адамды Алланың алдында аманат ретінде қызғыштай қорғау, оны нәзік жанды адам ретінде аялау, баланың анасы, жары ретінде қарау. Ал аятта келтірілген дүниені тікелей қабылдауға болмайды. Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисінде айтады: "сендердің ең жақсыларың әйелдеріңмен жақсы мәміледе болғандарың" дейді. Тіпті үйіне келген кезде күлімсіреп кіретін болған, яғни әйеліне, бала-шағасына жылы мінез көрсету керек екені айтылған. Ең бастысы бұл жерде қандай жағдай болмасын көркем мінез таныту керектігі, бір-бірін кешіру керектігі насихатталады. Ерлі-зайыпты арасында болған болмашы бір нәрсе үшін оны қамшымен ұру, сабау керек деген мәселе нақты айтылмаған. Әйел адам шектен шығып кеткен күннің өзінде оған қабақ шытып, ашуыңды білдіру арқылы, оның дұрыс жолға түсуіне септігін тигізу керек. Ал денесіне жарақат салу дінімізде насихатталмайды", — дейді бөлім меңгерушісі. 

Алтынбек Ұтысханұлы желіде таралған видео Youtube-тен алынып тасталатынын, Ризабек Батталұлы бұл мәселеге қатысты қосымша жауап беретінін атап өтті.


860
Зертхана

Өткен тәулікте Қазақстанда 75 адамның індет жұқтырғаны расталды

20
(Жаңартылды 08:19 30.09.2020)
Коронавирус жұқтырған адамдар санының ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Өңірде бір тәулік ішінде 22 тұрғын дертке шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 75 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведоствоаралық комиссия.

"Пациенттердің коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 16
  • Алматы қаласы - 5
  • Ақмола облысы - 1
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 3
  • Атырау облысы - 5
  • Шығыс Қазақстан облысы - 22
  • Батыс Қазақстан облысы - 3
  • Қарағанды облысы - 5
  • Қостанай облысы - 2
  • Павлодар облысы - 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 5.

Айта кетейік, жалпы республика бойынша аталған індетпен ауырғандар саны 107 908 адамға жетті.

20
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Архивтегі фото

Қазақстанның 6 облысында дабылды ескерту жарияланды

1968
Синоптиктер Жамбыл, Алматы, Қарағанды ​​облыстарында кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді деп болжады, сондай-ақ бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында алты облыста дабылды ескерту жариялады.  

30 қыркүйекте, 1-2 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 30 қыркүйекте екпіні 23 м/с жетеді деп болжанып отыр. 30 қыркүйекте, 1-2 қазанда түнде және таңертең кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.

30 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 30 қыркүйекте түнде тұман түседі.

Оқи отырыңыз: Үсік жүреді – қыркүйекте ауа райы қандай болады  

30 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

30 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі.

30 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

30 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

1968
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, үсік, ауа райы
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі кезекті отырыстың бірі

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабаққа қатысты мәлімдеме жасады

6
Қауіпсіздік кеңесі Әзербайжан мен Арменияны келіссөздерге оралуға шақырды. Алайда, Ильхам Алиев Арменияның Қарабақ келіссөзіндегі талаптарын қолайсыз деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабақтағы қақтығыс аймағында ауқымды соғыс қимылдары туралы хабарламаларға алаңдаушылық білдіреді, делінген Қауіпсіздік кеңесінің талқылау қорытындысының тұжырымдамасында.

"Олар (Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері – Sputnik) күш қолдануды қатаң түрде айыптап, адам өліміне өкінетіндіктерін білдірді", – деді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Абду Абарри.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзербайжанды атысты дереу тоқтатуға және алдын-ала шартсыз мәнді келіссөздерді бастауға шақырды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларының орталық рөліне толық қолдау білдірді.

Әзербайжан президенті "қолайсыз" шарттар туралы айтты

Баку Ереванның Қарабақ бойынша келіссөзде қолайсыз талаптарды алға тартып отырғанын мәлімдеді.

"Армения қолайсыз талаптар қою арқылы келіссөз процесін әдейі бұзады", – деді Әлиев "Россия 1" арнасының эфирінде.

Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуі

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 27 қыркүйекте Армения қарулы күштері шектесу сызығындағы елді мекендерге оқ атқанын хабарлады. Оның салдары азаматтық және әскери шығындарға ұшыратқан. Ал Армения қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Әзербайжан тарапынан Қарабаққа әуе және ракеталық шабуылдар жасалған.

Оқи отырыңыз: Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келе ала ма?

6
Кілт сөздер:
БҰҰ, Әзербайжан, Армения
Тақырып бойынша
Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салып, Әзербайжанда интернет шектелді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті граната алып жүрген Әзербайжан азаматтарын ұстады
Әзербайжан Қазақстанға нота жіберді
Апатқа ұшыраған "Армения" кемесі: адам өлімі "Титаниктен" алты есе асып түседі
Әзербайжан Армения әскерінде қаза тапқандар мен жараланғандар 550-ден асқанын мәлімдеді