Тұтқындау, архивтегі фото

БАӘ 7 көлікті ұрлады деген күдікке ілінген қазақстандықты қайтарды

51
(Жаңартылды 11:30 11.01.2018)
Қазақстан азаматын жеті автокөлікті ұрлады деген күдікпен Интерпол іздеген

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігі аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандықты беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі.  

Р.Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан бас консулдығының күш салуымен елге жеткізілді.

Ол өткен жылы жазда 7 адамды алдап, көлігін заңсыз иеленді деген күдікке ілінді. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген.  

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 30 миллион теңгені құрды.

Күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Р.Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.


51
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды

25
(Жаңартылды 14:18 09.07.2020)
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 инфекциясынан жақындары қайтыс болған қазақстандықтарға көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын", - делінген құжатта.

Республикалық арналардан көрсетілген үндеуінде президент қазақстандықтарды бірлікке шақырды.

"Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді

Мемлекет басшысы отандастарды дәрі-дәрмекті жаппай сатып алмауға, коронавирус пандемиясы кезінде төзімділік танытуға үндеді. Сондай-ақ, президент денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы жүйелі қателіктер жібергенін, ал өңір әкімдері баяу жұмыс істегенін мәлімдеді.

Аза тұту күні қай кезде жарияланады

Қазақстанда ұлттық аза тұту күні қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандарды еске алу үшін жарияланады.

Ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты талабы жоқ. Шешім нақты жағдайға байланысты қабылданады. Әдетте, кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен басқа да қайғылы оқиғалар, аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда жарияланады.

Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.

25
Кілт сөздер:
жарлық, аза тұту, коронавирус
Гүл, архивтегі фото

Белгілі композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды

249
(Жаңартылды 14:00 09.07.2020)
Дүйсекеев 1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды

АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев 74 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаралы хабарды растап, композитордың неден қайтыс болғаны анықталып жатқанын жеткізді.  

Кеңес Дүйсекеев туралы не білеміз

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы ауданы Пірімов ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Алматы консерваториясын бітірген.

1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі болды.

1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған.

Дүйсекеевтің жетекшілігімен "Тамаша", "Халық – талант қайнары", "Шабыт", "Жастарға арналған музыкалық кештер", "Музыка әлемінде" секілді теледидарға арналған бағдарламалар шығарылды.

1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадиокомитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

1997 жылы "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

Кеңес Дүйсекеев "Толғау" симфониясының, "Жалаңтөс батыр" симфония поэма-картинасының, "О, дүние" кантатасының, "Жыл мезгілдері" романстар циклінің, "Мәди", "Аққу Жібек" мюзиклінің, "Алдар көсе" опереттасының және 200-ге тарта әннің авторы.

Композитор 1994 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағымен марапатталды.

2005 жылы Дүйсекеевке "Құрмет" ордені, 2014 жылы "Парасат" ордені берілді.

Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды 

249
Кілт сөздер:
композитор
Тақырып бойынша
Белгілі қазақ дирижері Раиса Садықова қайтыс болды
Тоқаев белгілі архитектордың отбасына көңіл айтты
"Дос-Мұқасан" ансамблінің мүшесі Хамит Санбаев дүниеден озды
Қазақ ғылымы ауыр қайғыға ұшырады: белгілі ғалым дүниеден өтті