Қоғам

Министр сот-сараптама саласында қандай қиындықтар бар екенін айтты

© Photo : Daniel BoneСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әділет министрлігі сот-сараптама қызметінің моделін өзгертпек

АСТАНА, 15 қаңтар— Sputnik. Әділет министрі Марат Бекетаев еліміздің сот-сараптама саласындағы қиындықтарды атап көрсетті.

Архивное фото видеооператора - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әділет министрі: тілшілерге заң шығару жұмысын онлайн режимде бақылауға рұқсат беріледі

"Сот-сараптамасы саласында бірқатар қиындық бар. Олар сіздерге жақсы мәлім және жүйеге жағымсыз әсер етеді. Сараптама қорытындысын ұзақ күтуге тура келеді. Сонымен қатар олардың сапасы төмен күйде. Бұл жерде әдеттен тыс жағдай қалыптасады. Сарапшылардың қорытындысында жиі қарама-қайшы тұжырымдар болады. Қазақстанның тәжірибесінде сараптама нәтижелері қоғамда теріс резонанс тудырған жағдайлар болған. Сараптама істі анықтауға және әділ шешім қабылдауға көмектесуге тиіс", — деді Бекетаев сот-сараптамалық қызмет мәселелері талқыланған мәжілістегі үкімет сағатында. 

Оның айтуынша, сараптама қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың жоғары қаупі жағдайды қиындата түседі. Өзінің жеке пайдасы үшін сарапшы пікіріне әсер етуді қалайтындар әрдайым болатыны белгілі. 

"Сараптама жүйесінің дағдарысының себептері бір қарағанда анық сияқты. Бұл — төмен еңбекақы, әлсіз инфрақұрылым, біліктіліктің төмендігі, кәсіби кадрлардың кетуі. Мәселені шешу үшін қаржыландыруды ұлғайту жолы таңдалады. Алайда егер орынды жұмыс істейтін модель болмаса, кез келген қосымша қаражат тиімді болмайды. Осыған байланысты әділет министрлігі сот-сараптама қызметінің моделін өзгерту туралы күрделі шешім қабылдады. Қайта жаңғыртудың мәні жаңа механизмдерді құру және ескілерін өзгерту болып табылады",  — деп атап өтті министр.

Жаңалықтар
0