Қоғам

Белгілі қазақстандық блогер сот алдына келді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өту"Фейсбук" әлеуметтік желісі
Фейсбук әлеуметтік желісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Блогер Ринат Халиковқа бопсалаушылық бабы бойынша айып тағылып отыр

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Facebook әлеуметтік желісінде "Дядя Река" деген атпен танымал қазақстандық блогер Ринат Халиков ірі көлемдегі бопсалаушылық жасады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысы сотында жауап береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баланы блогер мен вайнер тәрбиелемеуі керек - ата-аналар қоғамдастығы

Ринат Халиков өткен жылдың 25 қарашасынан қамауда отыр. 

"Халиков Ринат қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлімі 2-тармақшасында (бопсалаушылық) қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген айып бойынша қылмыстық істі Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Сотталушы Халиков аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр", — деп жазылған ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысында. 

Қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау 10 қаңтарда өтті. 

"Тағылып отырған айып түсінікті. Кінәмді ішінара мойындаймын", — деді блогер алдын ала тыңдау барысында. 


Жаңалықтар
0