Желіде Ақорда қақпасына соғылған Porsche Cayenne суреті пайда болды

Желіде Ақорда қақпасына соғылған Porsche Cayenne суреті пайда болды

109
(Жаңартылды 20:06 17.01.2018)
БАҚ өкілдері құқық қорғау органдарының ресми мәліметін күтіп отыр

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Әлеуметтік желіде пайда болған суретте Porsche Cayenne Астанадағы президент резиденциясының қақпасына соғылып қалыпты.

Жазбалардың бірінде айтылғандай, оқиға 17 қаңтарда таңғы үш кезінде болған. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сүйенсек, Астана әкімшілік полиция басқармасы арнайы батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Е. Иманбеков мас күйінде көлік жүргізіпті.

Құқық қорғау органдары әлі ешқандай ресми ақпарат берген жоқ.

109
Кілт сөздер:
Ақорда, Астана
Загрузка...