Қоғам

Шымкентке алып кет: аяз туралы әзілдердің жаңа топтамасы

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қақаған аязда біреулер далаға шығуға қорқып отырса, өзгелер алыс қашықтыққа жүгіріп шынығып жүр, ал осындай күнде бәріміздің көңілімізді көтеретін әзіл-қалжыңға толы интернет-мемдер өте көп

АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Тіпті қақаған аяздың өзін қазақстандықтар әжуалаудан жалқыпайды: неше түрлі әзіл видеолар әлеуметтік желіде жаппай жарияланып, тоңған жұрттың көңілін көтеруде.

Сондай роликтердің бірінде сары шашты қыз "мұңын шағып", көңіл білдіріп жүрген жігіттерден Шымкентке, Ауғанстанға, Пәкістанға немесе Тәжікстанға алып кетуді сұрайды.

Бет-аузына әбден қырау қатып қалған ер адам да біраз жұртың көңілін босатты. Кейіпкердің әйелі сүйіктісінің сылтауына қарамастан, нан әкелуге жұмсапты.

Ал жанкешті елордалықтар қаһарына мінген аязға қарамастан, 20 шақырым қашықтыққа жүгіріп, видеоға түсірген.

Аязда бәрінен рахаттанып жүрген елордалық "аққалалар". Қала тұрғындары сәбіз мұрындылардың билеп жатқан сәтін видеоға түсіріп алыпты.

 

Жаңалықтар
0