Ұлттық киім киген қыз әуежайдан қонақтарды қарсы алуда, архив суреті

"Ұят қой!" Көшедегі адам өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қызына ұрысты

2261
(Жаңартылды 13:34 25.01.2018)
Желіде ер адам шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы жағымсыз пікірлер жазады

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Ер адам көшеде ерлі-зайыптыға тиісіп, өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан әйелге ұрсып тастады. 

Ер адам көшеде әңгімелесіп тұрған әйелі мен күйеуін рұқсатсыз телефонға түсіріп, кейін видеоны желіде жариялады. 

Видеода ол шетелдікпен қыдырып жүрген қазақ қызына дүрсе қоя беріп, "Ұят емес пе? Қазақ жігіті жетпеді ме?" деп оны жазғырады. 

Ерлі-зайыпты ер адамнан видеоға түсіруді доғарып, өмірлеріне араласпауды сұрайды. Бірақ олардың өтінішіне видео авторы мән бермейді. 

"Бұл менің күйеуім. Сіздің не шаруаңыз бар? Бұл менің өмірім ғой", — дейді әйел. 

Жәнібек Иманмәзір есімді желі қолданушысы түсірген видеосын парақшасына салған.  

"Жігіттер, ай қарап отыра берсек шетелдіктер қыздарымызды алып-алып бітіріп тастайды. Ертең қыз бітсе кімге үйленесіңдер? Шетелге тиіп, қайта ажырасқан қыздар өте көп. Солар жатырына шетелдіктердің сасық ұрығын толтырып кері қайтып келіп жатыр. Сол қан бұзғыш сатқын қызды аласыздар ма?",  — деп жазған ол. 

Бұл видеоға қатысты мәжілістің бұрынғы депутаты және қоғам белсендісі Бақыт Сыздықова пікір білдірген. Оның айтуынша, видео авторын әкімшілік жауапкершілікке тарту керек. 


2261
Кілт сөздер:
өзге ұлтқа тұрмысқа шығу, ұят, қазақ қызы
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

926
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

926
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1855
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1855
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

437
(Жаңартылды 14:44 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы пен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

437
Кілт сөздер:
қақтығыс