Пара, жемқорлық

Ерлан Біләл сотта параны қайда жұмсағанын айтты

1129
(Жаңартылды 12:11 26.01.2018)
Әуезов театрының директоры 1,5 миллион теңге пара алды деп айыпталуда

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ерлан Біләл ҚР Қылмыстық кодексінің  24-бабы, 3-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігінде (пара алуға оқталу) қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталуда.  

Сотта ол "Сезам" шығармашылық қорының президенті Баяновтан 2018 жылдың 2 қаңтары күні 600 мың теңге алғанын айтты. 4 қаңтар күні 900 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған. Біләл жыл сайын жаңа жыл кезінде театр ғимаратында "Сезам" театры өнер көрсететінін атап өтті. 

Сотталушының айтуынша, Баянов оған өзі келіп, алғысын білдірмек болған. Пара көлемін де өзі белгілепті.  

Параның  бір бөлігін қайда жұмсағанын сұраған судья Қуаныш Әріповке директор: "Қарыздарымды құтылдым", − деп жауап берді.  

Естеріңізге сала кетсек, 5 қаңтарда М.Əуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры театр базасын балаларға арналған мерекелік шараларды өткізуге жалға бергені үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болғаны анықталды.

Ерлан Біләл кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ болатын.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрын 2015 жылдың 27 сәуірінен бері басқарып келді.


1129
Кілт сөздер:
Әуезов театры, пара, Ерлан Біләл
Загрузка...