Қоғам

Қазақстанда аязға байланысты пойыздардың жылдамдығы шектелді

© Photo : предоставлено пресс-службой национальной компании "Қазақстан темір жолы"Пойыз
Пойыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тасымалдаушы компания пойыздардың кешігуіне түсіністікпен қарауды сұрады

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Қатты аязға байланысты және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар пойызының жылдамдығын шектеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жұма күні елімізде қатты аяз болады

"Бізге байланысты емес себептерден пойыздардың кешігуіне түсіністікпен қарап, сабырлық танытуды сұраймыз. Жолаушылар вагонында қажеті температура режимі сақталып, жылыту жүйесі мұқият бақылауға алынған", — деп атап өтті компанияда.

Қатты аяз күндері ұлттық тасымалдаушының барлық құрылымдық бөлімшесі күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Жаңалықтар
0