Уақытша тіркеу

Енді уақытша тіркеу мерзімін телефон арқылы ұзартуға болады

290
(Жаңартылды 14:27 31.01.2018)
Таяуда уақытша тіркеу мерзімін SMS арқылы ұзартуға болады

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма басшысы Абылайхан Оспанов таяуда уақытша тіркеу мерзімін SMS арқылы ұзартуға мүмкіндік жасалатынын хабарлады. 

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті тәсілдерін кеңейту мақсатында жасалған жаңа сервиске сәйкес уақытша тіркелу мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда азаматтың телефонына хабарлама келіп, мерзімді SMS арқылы ұзартуға болатыны туралы ескертіледі. 

"Қызмет алушы тіркеуді ұзартуды қаласа, хабарламада көрсетілген кодты жолдау арқылы келісімін растауы тиіс. Сондай-ақ, пәтер иесіне де SMS-хабарлама жолданады. Нәтижесінде деректер базасындағы меншік құқығы расталса, тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу автоматты түрде ұзартылады",- деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасына. 

Ескеретін жайт, проактивті қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркелу, яғни азаматтың жеке сәйкестендіру нөміріне телефон нөмірін байланыстырып қою қажет. Мұны электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында жасауға болады.


290
Кілт сөздер:
SMS, уақытша тіркеу
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

12
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

12
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады
Архивтегі фото

Індеттен жазылғандардың саны бес мыңға жуықтады

28
Қазақстанда 9 576 тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырып,  оның 4 893-і ауруханадан емделіп шықты   

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Алматы қаласында 28, Нұр-Сұлтан қаласында 11, Шымкент қаласында 3, Жамбыл облысында 3, Қарағанды облысында 8, Қостанай облысында 2, Түркістан облысында 10, Маңғыстау облысында 1 науқас жазылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 4 893.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1029,
  • Алматы қаласы – 1373,
  • Шымкент қаласы – 244,
  • Ақмола облысы – 106,
  • Ақтөбе облысы – 176,
  • Алматы облысы – 180,
  • Атырау облысы – 279,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 51,
  • Жамбыл облысы – 176,
  • Батыс Қазақстан облысы – 269,
  • Қарағанды облысы – 217,
  • Қостанай облысы – 62,
  • Қызылорда облысы – 233,
  • Маңғыстау облысы – 116,
  • Павлодар облысы – 148,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 35,
  • Түркістан облысы – 199.

Айта кетейік, Қазақстанда 9 576 адам коронавирус жұқтырды, оның 37-сі көз жұмды.

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты 

28
Кілт сөздер:
науқас, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Алматы қаласының бас дәрігері үйде емделудің ерекшелігін түсіндірді
"Қорқып кеттік": Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады
Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды
Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды