Жол

Енді қазақстандықтар жолдың дұрыс жөнделмей жатқанына шағымдана алады

102
(Жаңартылды 13:30 01.02.2018)
Агенттік "Қоғамдық бақылау картасы" жобасын пысықтап жатыр

АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Бұл туралы бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сіздер білесіздер, биылдан бастап мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейі енгізіледі. Яғни, аудандық маңыздағы қалалар мен ауылдарда, жекелеген ауылдық округтердің жеке бюджеті болады. Бұл деңгейдегі сыбайлас жемқорлықты мысалға келтірмей-ақ қояйын, сіздер онсыз да бәрін білесіздер. Бірақ осы тұста бір маңызды проблеманы атап өткім келеді: ішкі істер органдарымен салыстырғанда, агенттік әр елді мекенде бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ауқымды инфрақұрылымға ие емес. Дегенмен аудандар мен ауыл тұрғындары бір-бірін жақсы таниды, айналада не болып жатқанынан хабардар. Сондықтан біз күш-жігерімізді біріктіру үшін  "Қоғамдық бақылау картасы" жобасын іске асыру мүмкіндігін пысықтап жатырмыз", — деді Шпекбаев. 

Оның айтуынша, енді кез келген азамат әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік қызметтің сапасыз көрсетіліп жатқанына шағымдана алады.

"Мәселен, егер ауылдық округте жол дұрыс жөнделмей, мемлекеттік бағдарлама аясында салынған газ құбыры жұмыс істемесе, әр адам агенттікке хат жолдай алады. Азаматтардың өтініші лезде қаралады. Әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылады. Материалды қалаған формада жіберуге болады. Кейде тіпті бір сурет те жеткілікті. Мәселен, орталықтан Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жастар кентінде не болып жатқанын біле алмайсың. Сондықтан бізге жергілікті жерлерде жағдайды бақылайтын белсенді азаматтық көмекшілер қажет. Оның үстіне елді мекендерде азаматтық бақылау жоқ. Қазір бұл мәселелер күн тәртібінде", — деді агенттік басшысы. 

Шпекбаев агенттік бастамасын азаматтарға түсінікті тілде жеткізуде тапсырды. 

"Маңыздысы, олар бұл идеяны ұғынып, қоғамдық бақылауды іс жүзінде талқылай бастауы керек. Агенттіктің аумақтық департаменттеріне өзара іс-қимыл тетігін пысықтауды, оны азаматтар үшін барынша ыңғайлы етуді тапсырамын. Әр түскен хатты бастан-аяқ зерделеу керек, оқиға орнына барып, тексеріс шараларын ұйымдастырған абзал", — деді ол.

102
Кілт сөздер:
жол жөндеу, жолдар, Алик Шпекбаев
Күн, архивтегі фото

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме Бекшин жауап берді

67
Алматының бас санитар дәрігері қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатқанын мысалға келтірді  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күн сәулесі вирусты өлтіретіні дәлелденбеген. Алайда ЖРВИ, тұмау секілді аурулар сәуірдің соңы мен мамырдың басында күннің ыстық болуына байланысты өршуін тоқтатады.

"Коронавирусқа келетін болсақ, қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатыр. Мысал ретінде Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанды айтуға болады. Осыдан-ақ вирустың күн сәулесіне қарсы тұра алатынын байқауға болады. Мысал ретінде қаламызда 30 градус ыстық болып тұр, алайда инфекция жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық нысандардың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

"Вирус адам ағзасында өмір сүреді, көбейіп, сыртқа шығады. Сондықтан нашар желдетілетін жабық нысандар өте қауіпті болып саналады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді 

Айта кетейік, Алматыда 2 715 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1 627 адам жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

67
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин, күн
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады
Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Архивтегі фото

Елбасы медалі ерекше ережемен табысталады

9
Жобаға 14-29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Басты мақсат – жастарға өзін жетілдіруге серпін беру

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Елбасы медалі" ұлттық жобасы басталды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы Академиясы" корпоративті қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жаңа жоба аясында нақты жеті бағыт айқындалған:

  • Спорт және дене шынықтыру.
  • Кітап оқу.
  • Дарын мен дағды.
  • Ұлттық мұра.
  • Еріктілік.
  • Туристік саяхаттар.
  • Еңбек тәжірибесі.

"Жобаның басты мақсаты – 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтарға өзін жетілдіруге серпін беру. Бұл дегеніміз, осы жасқа сәйкес келетін кез келген адам қатыса алады. Әсіресе, карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивацияға айналады деп сенеміз. Олар өздерінің физикалық жағдайын жетілдіріп, дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, айналасындағы адамдарға да көмегін тигізуі керек. Жаңағы жеті бағыт аясында кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру жұмысын бастай беруге болады. Жоба челендж форматында өтеді. Бағдарламаға қатысу тегін", - деді Жанғозин бүгінгі онлайн брифингте.

Қазақстанда "Елбасы медалі" бекітілді: кімдер марапатталады 

Бағдарламадан сәтті өткен жастар Елбасы медалімен марапатталады. Оның үш дәрежесі бар. Олар – қола, күміс пен алтын. Әр деңгейдің өзіндік талаптары белгіленген.

"Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында алдағы екі аптаның ішінде тіркелу керек. Бүгінгі таңда алдын ала тіркеуден өткен қатысушылардың саны 6 мың адамнан асып отыр. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Олар өз дағдыларын дамытып, нақты нәтиже көрсетуі керек", - деп түсіндірді Жанғозин.

9
Кілт сөздер:
жастар, медаль, Елбасы
Тақырып бойынша
Қазақстанда "Халық алғысы" медалі пайда болуы мүмкін
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Депутат үш дәрежелі Даңқ ордені иегерінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді