Қоғам

Сағынтаев: сөреден алынған қауіпті өнімдер қайда кететінін ешкім білмейді

© Sputnik / Валерий МельниковДүкен, архивтегі сурет
Дүкен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметтің кезекті отырысында техникалық реттеуді жетілдіру мәселесі талқыланды

АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев қауіпті өнімдерді айналымнан алып тастау бағытындағы жұмысты жетілдіруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Гамбургер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетауда жасалынған "үй" гамбургерлері қауіпті болып шықты
"Қауіпті өнімді айналымнан алып тастауға қатысты айтар болсам, бұл бағытта жұмысты жетілдіру керек. Дәурен Әскербекұлы (ақпарат және коммуникациялар министрі – ред. ескерт), біз екі жыл бұрын мұны көрсету керек деп айттық қой, акция өткіздік. Алайда кейін соңы не болғаны белгісіз. Сапасыз өнімді алып тастаймыз, бірақ одан кейін ол не болады – жойыла ма, жоқ әлде артқы есіктен сөрелерге қайтадан қойыла ма? Ешкім білмейді мұны, қанша айыппұл салынады, қандай шаралар қабылданып жатыр. Бәрі сөз жүзінде қалып отыр. Сондықтан қауіпті өнімдер сөрелерге қайтадан қойылмауы үшін нақты шаралар қабылдау керек", — деді үкімет басшысы. 

Сағынтаев техникалық реттеу мәселесі бұрыннан талқыланып келе жатқанын атап өтті. Айтуынша, бақылау функцияларын бір мемлекеттік органнан екіншісіне тапсыру ең оңай әдіс. 

"Бақылау бір мемлекеттік органнан екіншісіне ауысса, жағдай өзгереді деген сөз емес. Ең алдымен, тиісті шараларды толығымен жүзеге асыру үшін не кедергі екенін түсіну керек. Неге бақыланбайды? Мүмкін кемшін тұстарын жетілдіру керек шығар. Басқа органға тапсырсақ, мұны да жан-жақты талдау керек. Абылай Исабекұлы (ҰКП басшысы – ред ескерт.) айтқандай, ақыр соңында бақылаушы органдар тарапынан бизнеске қысым күшеймей ме? Асқар Ұзақпайұлы (Мамин – бірінші вице-премьер) мұны мұқият қарау керек", — деп тапсырды Сағынтаев.


Жаңалықтар
0