телефонмен сөйлесіп тұрған ер адам

Астана тұрғыны телефонмен сөйлесіп тұрғанда баласын жоғалтып алған

294
(Жаңартылды 12:24 07.02.2018)
Жоғалған баланы Ұлттық ұлан жауынгерлері тауып алды

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері жоғалған бүлдіршінді ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Оқиға кеше кешкісін болған. Сержант Бақдәулет Маханбетов бастаған, құрамында патрульшілер сержант Азамат Нұрманов, ефрейтор Абай Есенбеков бар әскери жасақ "ЭКСПО" аумағында қызмет атқару барысында жылап тұрған баланы байқайды. Жасы төрттер шамасындағы бүлдіршін жауынгерлер қойған сұрақтарға тіл қатпаған соң, бірден жасақ туған-туысқандарын іздеуге кіріседі.

"Көп ұзамай адасқан баланың әкесі де табылады. Әлгі азамат телефон арқылы сөйлесіп жатқанда баланы көзден таса қылып алған екен. Өз күшімен іздеген көрінеді, бірақ таба алмаған. Баласын ұландық жауынгерлер алып келгенде қуанышын да жасырмады", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Баланың әкесі ұландық жауынгерлерге өз ризашылығын білдіріп, әскери бөлім басшылығына алғыс хат жолдаған. 

294
Загрузка...