Төреғали Төреәлі

"Мен емес, елім кешірмейді" Төреғали Алтынбек Қоразбаевтың көңілін қалдырды

3585
(Жаңартылды 18:15 07.02.2018)
Төреғали Төреәлі Алтынбек Қоразбаевқа қиянат жасады

АСТАНА, 6 ақпан— Sputnik. Таяуда ғана қарапайым қарашаға дөрекелігін көрсетіп, дүйім жұртты дүр сілкіндірген Төреғали, енді Қоразбаевтың көңілін қалдырған. Халық әртісінің концертіне қатысуы тиіс Төреәлінің ұлы уәдесінде тұрмай, Алтынбек ағаны алдап кеткен көрінеді. Бұл туралы НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтылды. 

"Төреғалисыз да менің концертім өткен. Талай-талай концерттерім өткен. Енді, ол жігіттің әкесі екеуінің істеп кеткені қиянаттау болды кішкене. Бір тиын-тебен үшін мені айырбастап кеткені үшін мен емес, менің елім кешірмейтін шығар оны", — дейді ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.

"Иә, Төреғали келмеді"- деп Алтынбек Қоразбаевтың тауы шағылған жоқ. Халық әртісінің 70 жылдық мерейтойы абыроймен өтті. Қасында қос шәкірті Тоқтар мен Мейрамбек бар. Ал, Бесбаев өз ұстазын ренжіткен Төрешпен жеке сөйлесіп, мәселенің анық-қанығын алдағы уақытта хабарлауға уәде берді.  

"Иә, естідім! Өкінішке орай келе алмайтынын білдіріпті. Кейін естігеннен кейін айтармын әңгімесін", — деді Мейрамбек Бесбаев. 

Сазгердің "Сен болмасаң" атты әнін, мерейтойлы кеште Қыдырәлі мен Қарақат орындады. Жоспар жүзінде Төреғали мен Мөлдір Әуелбекова шырқауы тиіс еді. 

"Енді білмеймін арада не болғанын. Көке маған хабарласты да Қазақконцертке кел деді. Сол кезде Төреғалимен "Сен болмасаң" әнін айтпайтын болдыңдар деді. Төреғалимен сөйлеспегеніме біраз болды. Өйткені ол шет елде қазір…  Төреғалиды көрген кезде өзінен сұрайтын боламын. Міндетті түрде", — деді Әуелбекова. 

Ал, өнердің орта буыны мен өзге жас өкілдері Қоразбаев әндерінің өміршеңдігін жарыс айтып, оның талай хитменнің бағын ашқанын еске алды.    

3585
Кілт сөздер:
халық әртісі, Мейрамбек Беспаев, Төреғали Төреәлі, Алтынбек Қоразбаев