автобус

Кімдерге Астанада автобуста тегін жүру мүмкіндігі берілуі мүмкін?

90
Астанада мүгедек балалардың ата-анасы үшін жолақы тегін болуы мүмкін

АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Астана әкімдігі мүгедек балалардың ата-аналарына қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін беруді ұсынды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. 

Бұл ұсыныс қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында айтылды. Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Әбілдинов қоғамдық көлікте мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүрушіні де жолақысын төлеуден босатуды ұсынды.

"Астана мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулысына сәйкес, Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік-мәдени даму мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүретін адамдарға да жеңілдік жасайтын жолақы ұсыну мүмкіндігін зерттеуді ұсынды. Осыған байланысты, мүгедек баланың ата-анасының біреуіне тегін жол жүру құқығын беру қарастырылуда", – деп мәлімдеді Артем Әбілдинов. 

Қоғамдық кеңес мүшелері жобаны бірауыздан қолдап, мақұлдады. 

Естеріңізге сала кетейік, арнаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының енгізілуіне байланысты, алынып тасталған арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды алатын көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар да осы тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі. 

90