Қоғам

Сот Ерлан Біләлге үкім шығарды

© Sputnik / Данияр ДауталиевСудья Ерлан Біләловке үкім шығарды
Судья Ерлан Біләловке үкім шығарды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот оны кейбір мемлекеттік марапат пен атағынан айыру туралы президентке ұсыным енгізді

АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Алматының Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләлге үкім шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Судья балғасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Балаларым үшін..." Ерлан Біләл сотта соңғы сөзін айтты
Ерлан Біләл ҚР Қылмыстық кодексінің  24-бабы, 3-бөлігі, 366-бабы, 2-бөлігінде (пара алуға оқталу) қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталды. Сотта ол "Сезам" шығармашылық қорының президенті Баяновтан 2018 жылдың 2 қаңтары күні 600 мың теңге алғанын айтты. 4 қаңтар күні 900 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталған.   

Судья Қуаныш Әріпов Біләлге 52 миллион 500 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, оны кейбір мемлекеттік марапаты мен атағынан айыру туралы президентке ұсыным енгізді.

Сот Баяновтың 1 миллион теңге көлемінде моралдық өтемақы өндіру туралы талап арызынан бас тартуға қаулы етті.  

Естеріңізге сала кетейік, соттағы соңғы сөзінде Ерлан Біләл өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Әртіс судьядан денсаулығы мен отбасылық жағдайын ескеруді өтінді. Бас бостандығынан айырмауды, мүмкіндігінше айыппұл сомасын төмендетуді сұрады.
Жаңалықтар
0