Қоғам

Сара Назарбаеваның туған күнінде барлық мектепте арнайы сабақ өтеді

© Sputnik / Болат ШайхиновОқулықтар
Оқулықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінде "Өзін-өзі тану" бағдарламасы біріктірілмек

АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Сара Назарбаеваның туған күнінде барлық мектепте "Өзін-өзі тану" сабағы өтеді, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

Күз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақмола облысында Сара Назарбаева атындағы табиғи саябақ ашылады
12 ақпан "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның туған күнінде республиканың барлық білім беру ұйымында оқу күнінің бірінші және екінші ауысымдары "Өзін-өзі тану" сабағымен басталады.

Сара Алпысқызының бастамасы бойынша республиканың барлық өңіріндегі 71 білім беру ұйымында жалпы оқу-тәрбие процесінде "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.

"Өзін-өзі тану" бағдарламасының осы кезеңін жүзеге асырудың ерекшелігіне тоқталсақ, ол "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғыртуға және қазақстандық қоғамды рухани қайта өркендетуге бағытталған.

Бағдарлама отбасы институтын нығайту, қоғамымыздағы зорлық-зомбылықты, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сияқты көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.


Жаңалықтар
0