Қоғам

Астанада проблемалық үйлердің қайсысы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынады?

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуҚұрылыс
Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада проблемалық тұрғын үйлерді салуға қаражат құйған азаматтар жақында баспаналы болуы мүмкін

АСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Астанада проблемалық нысандарды "Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатыстыруды қарау аяқталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Sputnik Қазақстан баспасөз орталығы - Sputnik Қазақстан
Астанада проблемалық құрылыс нысандарының ахуалы талқыланады

Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун "Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылыс бағдарламасына қатысатын объектілердің қорытындысын баяндады.

Оның айтуынша, 39 нысан қаралған, оның ішінде 12 нысан "Елорда" кұрылыс компаниясы" ЖШС уәкілетті ұйымының қарауына ұсынылды ("Жағалау 3", "Жағалау 4", "Шығыс", "Пана", "Столичный 2", "Гарант", "Династия", "Есиль ЭК", "Арыстан", "Араби 2", "Территория комфорта-1", "Тұран Сығанақ").

Ал 6 тұрғын үй кешені ТҚК "Нұрлы Жер" бағдарламасының қатысуынсыз инвесторлармен құрылысты аяқтау бойынша келісімшарттар жасасқан.

Жаңалықтар
0