Қоғам

Назарбаев Иран президентіне әуе апатына байланысты көңіл айтты

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жексенбі күні Иранның Исфахан провинциясында бортында 66 адам болған жолаушылар ұшағы құлады

АСТАНА, 19 ақпан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Airbus A330 ұшағы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Иранда 66 адам мінген ұшақ құлады

Мемлекет басшысы Ирандағы жолаушылар ұшағы апатының салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", – делінген жеделхатта. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Иранның Исфахан провинциясында бортында 66 адам болған ұшақ апатқа ұшыраған.

Жаңалықтар
0