Студенттер

Студенттер мен оқушылардың оқудан бос уақытта еңбек ету мүмкіндігі кеңейтілмек

296
(Жаңартылды 10:02 22.02.2018)
Халықты жұмыспен қамту мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

АСТАНА, 21 ақпан  — Sputnik. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша жаңа заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жаңа заң жобасында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу құралдарын жетілдіру көзделеді. Жұмыспен қамтуға жүгіну рәсімдері жеңілдетіледі. Жұмыс іздеушілер енді жұмыспен қамту орталықтарына электронды веб-порталымен ғана емес, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгіне алады. Жұмысқа орналасу рәсімін тездету үшін жұмыссыз азамат өзіне ұсынылған жұмысқа келісетіні не келіспейтіні туралы мәліметті ұялы телефонмен немесе электронды түрде үш жұмыс күні ішінде хабарлай алады", — деп баяндады Әбілқасымова. 

Екіншіден, министр атап өткендей, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында құрылатын бос жұмыс орындарына мониторинг жүргізу құзыреті орталық және жергілікті атқарушы органдарға берілмек. Бұдан бөлек, еңбек министрлігінің құзыреті бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсыну және оған мониторинг жүргізу қағидасын бекітумен толықтырылады.

"Үшіншіден, студенттер мен жоғары сынып оқушылары үшін жазғы демалыс кезінде ғана емес, оқудан бос уақытта да қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігі кеңейтіледі. Бұған еңбек кодексінде шектеу жоқ. Төртіншіден, жұмыс берушілерді артық есептілік пен құжат тапсырудан босату мақсатында кәсіптік және қайта даярлықтан, өндірісте оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлімет беру міндеті алынып тасталмақ", — деді ол. 

Бұған қоса, жұмыспен қамтудың жеке агенттіктерінің және интернет-алаңдарының деректерін қоса алғанда, бос орындар мен жұмыс іздеп жүрген адамдар туралы ақпаратты барлық дереккөзден бірыңғай интернет-ресурсқа шоғырландыру көзделген.  

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін заң жобасында жұмыспен қамту орталықтарын реформалау және барлық бос жұмыс орындары мен елді мекендер бойынша бірыңғай онлайн-алаң құрылады. Осы мақсатта еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құрайтын "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын құру жоспарланған", — деді министр. 

Министрдің айтуынша, жаңа заң жобасында көші-қон саласындағы функцияларды бөлу де көзделіп отыр. 

"Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары ұлттық экономика министрлігінен еңбек министрлігіне беріледі. Ал көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты ведомствоаралық үйлестіру және іске асыру функциялары еңбек министрлігінен ішкі істер министрлігіне берілмек", — деді Әбілқасымова.

296
Кілт сөздер:
еңбекпен қамту, оқушылар, студенттер, Мадина Әбілқасымова
Астана көрінісі

Қатаң карантинде қандай шектеулер қойылады - қаулы жарияланды

840
Азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салынады

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова 5 шілдеде күшіне енетін шектеулердің қаулысына қол қойды.

Қаулы мәтіні

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиарейстердің бағыттары мен жиілігін көбейтпей, өңірлер арасындағы авиақатынастарды сақтауды қамтамасыз етсін.  

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы:

1) жолаушылардың темір жол тасымалы көлемін қысқартуды қамтамасыз етсін;

2) қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричка, жұмыс поездарын қоспағанда) қозғалысын тоқтата тұрсын;

3) жолаушылар поездарының құрамында жалпы вагондарды құруды болдырмасын.

3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

1) қалааралық автобус тасымалдарын тоқтата тұруды;

2) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

3) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салуды;

4) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды;

5) барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт ззалдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салуды;

6) діни объектілердін (мешіттер, шіркеулер,  соборлар, синагога және т.б.) қызметін тоқтата тұруды;

7) балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, балалардың түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметіне тыйым салуды;

8) фудкорттар, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;
9) СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының,

шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюр көрсетілетін қызметтеріне тыйым салуды;

10) жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне тыйым салуды;

11) 500 м2 артық азық-түлік емес дүкендердің тек жеткізу қызметін;

12) 65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруын шектеуді;

13) қоғамдық көліктің қозғалысын шектеуді;

14) өңірлер арасында жеке автокөліктің жүріп-тұруына рұқсат беруді;

15) әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда);

16) аймаққа бөлу және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын сақтай отырып, медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне рұқсат беруді;

17) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және 50%-нан асырмай толтыра отырып, халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызметіне рұқсат беруді;

18) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттан тыс) қызметіне рұқсат беруді;
19) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып,

базарларға және басқа да қоғамдық орындрға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

28) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін.

4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолдансын.

5. Тиісті аумақтағы, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.

 Осы қаулы 2020 жылғы 5 шілдеде 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.

840
Құжатқа қол қою

Ақорда президент бірқатар заңға қол қойғанын хабарлады

894
(Жаңартылды 21:00 03.07.2020)
Шетел валютасындағы қарыздар жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойылды. Енгізілген толықтырулар елден капиталдың шығарылуына тосқауыл қоюды қарастырады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Заңға сәйкес, банктерге жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын конвертациялау құқығы беріледі. Конвертация 2015 жылдың 18 тамызындағы бағам бойынша қарыз алушының өтінішінсіз жасалуы мүмкін. 

Бұдан бөлек, енгізілген толықтырулар елден капиталдың шығарылуы тәуекелін азайтуды қарастырады.

Қолданушыларды сәйкестендіруге қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Анонимді электронды әмияндар арасында аударым жасауға тыйым салынады. Операция сомасының мөлшеріне шектеу қойылады.

Тағы оқыңыз: Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео

Өзгертулер қолма-қол ақша айналымының ашық болуына және төлем қызметін қолданушылар құқығын қорғауды күшейтуге жағдай жасайтыны айтылып отыр.

Бұдан бөлек, президент мемлекеттік қызмет және аудиторлық қызмет мәселелері жөніндегі заңдарға қол қойды.

894
Кілт сөздер:
заң, Ақорда, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Назарбаев билік ауысқан кезде не болатынын айтты - видео
Тоқаев Назарбаев туралы жазды
Қазақстанда қоғамдық көліктің жұмыс уақытына өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда Назарбаевқа ескерткіш ашылды: Тоқаев сөз сөйледі
Тоқаев коронавируспен күреске байланысты жаңа тапсырма берді
Коронавирус, вакцина

Ресейде еріктілерге коронавирусқа қарсы вакцина салынды

0
Вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Ресейде коронавирустың вакцинасын сынауға қатысқан еріктілердің жағдайы жақсы, деп хабарлады РИА Новости әскери ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың барлығы өзін жақсы сезінеді. 18 маусымда екі компонентті вакцинаның біреуі салынған еріктілердің бірінші тобында ешкім денсаулығына шағым жасаған жоқ. Елеулі жағымсыз құбылыстар да тіркелген жоқ.

Ал 23 маусымда вакцинаның бірінші бөлігі егілгенжәне содан 21 күн өткен соң қорытындысына қарай вакцинаның екіншісі компоненті салынатын екінші топтың құрамындағыларда өзін жақсы сезінеді. Асқыну мен жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ.

Айта кетейік, вакцинаны сынақтан өткізу екі апта бұрын Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығымен бірге басталды. Оны шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

0