Қазақ-қырғыз шекарасы

Мемлекеттік кірістер комитеті кеденшілердің ұсталуына орай ішкі тексеруді бастады

58
(Жаңартылды 15:05 25.02.2018)
Қазақстанның Бас прокуратурасы республиканың тоғыз кеден бекетінде әрекет еткен сегіз қылмыстық топтың құрықталғандығын хабарлаған болатын

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті арнайы операция кезінде Қазақстанның кеден органдарының 19 қызметкері ұсталуына байланысты ішкі тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлады осы құрылымның басшысы Ардақ Теңгебаев жұма күні.

Арнайы операция
© Photo : Пресс-служба ДВД Жамбылской области

Сегіз ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау бойынша арнайы операцияны 15-16 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Бас прокуратура басшылығымен жүргізген болатын. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында 35 адам ұсталған, олардың арасында екі Қырғызстан азаматы бар. Сот 33 ұсталған адамды қамауға алды, олардың бәрі – кеденшілер, шекарашылар, брокерлер, делдалдар мен ҰҚТ мүшелері.

"Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарының кедендік органдарының қызметкерлері ұсталды, әзірше бүкіл дерек қолымызда жоқ, бірақ бұл тауарды контрабандалық жолмен елге кіргізуге байланысты, сол себепті тергеу жүргізіліп жатыр. Біз ақпарат алған бойда ішкі тексеруді бастап кеттік", — деді Теңгебаев тілшілерге.  

Ұсталған кеденшілердің нақты саны – 19 адам.

58
Кілт сөздер:
арнайы операция, кеден, Қазақ-қырғыз шекарасы
Ливанға аттанып бара жатқан Қазақстанның әскери дәрігерлері

Қазақстандық әскери дәрігерлер Ливан астанасына аттанды

16
Ливан астанасына аттанған әскери дәрігерлердің көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы күштер бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, Қарулы күштердің жеке құрамынан құралған әскери дәрігерлер тобы Ливан астанасына аттанды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан – Ақтау – Бейрут бағыты бойынша ұшты.

"Бүгін таңертең Бейрут портындағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін әуе қорғаныс күштерінің әскери-көліктік авиация ұшағы Ливан астанасына аттанды. Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсету болып табылады", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, топ құрамында жоғары білікті хирургтер, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық салаға бейімделген орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Елдегі Covid-19 эпидемиясына байланысты топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

Айта кетейік, 4 тамыз күні Ливан астанасында әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-ден астам адам қаза болды. Бес мыңға жуық адам жарақат алды. Алайда, ауруханаларда орын жетіспеуінен зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмауда.

16
Кілт сөздер:
әскерилер, көмек
Тақырып бойынша
Тоқаев әскери жағдайда өзінің өкілеттігін кеңейту мәселесін заңдастырды
Ақмола облысында әскери дәрігер пневмониядан көз жұмды
Әскери роботтар өндірісіндегі серпіліс
Ресейдің әскери дәрігерлері Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы госпитальдерде жұмысқа кірісті
Нұр-Сұлтанда иттің үргеніне ашуланған әскери қызметкер ерлі-зайыптының зәресін алды
Халыққа қызмет көрсету орталығы

Енді көлікті ХҚКО-ға бармай-ақ тіркеуге болады

454
(Жаңартылды 16:21 08.08.2020)
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі кезде жүргізушілер Qamqor арқылы айыппұлдың бар-жоғын тексеру мүмкіндігін пайдалана алады

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы автокөлікті тіркеу рәсімі тағы да жетілдіріліп, жеңілдей түсетін болды. Бұл туралы туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Апта басында мамандандырылған ХҚКО-ға бардым. Адам өте көп. Әрине, біздің міндетіміз – қызметтің бәрін автоматтандыру. Ішкі істер министрлігіне цифрландыру бойынша жаңадан тағайындалған вице-министр Сәкен Сәрсеновпен бірге процесті жеңілдетуді пысықтаудамыз", – деп жазған Мусин алдағы уақытта ХҚКО-ға келушілер санын мүмкіндігінше азайтуға жұмыс істеу қажеттігін атап өткен.

"Жүргізілген талдау нәтижесі Нұр-Сұлтан қаласында ресімделетін автокөліктің 30%-ті автосалоннан сатып алынатынын көрсетті. Сондықтан автосалондарда мамандандырылған ХҚКО бұрышын ұйымдастыруды ұйғардық. Автокөлікті таңдау, банк операторының несие ресімдеуі, ХҚКО операторының автокөлік кепілдігін ресімдеуі, мемлекеттік нөмір мен техникалық құжатты алу – бәрі бір жерде, автосалонда жасалады", – деді Мусин.

Бүгінде қаладағы бірқатар автосалонда осындай қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейтініне тоқталған ол, өзге автосалондарды өз клиенттеріне осылай қызмет көрсетуге шақырды. Ол үшін азаматтарға арналған үкіметке хабарласу қажет.

"Бізге адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауына жағдай жасау маңызды. Жүргізушілер үшін тағы бір кішігірім жаңалық. Qamqor арқылы айыппұлдың бар-жоғын тексеру қызметі жұмыс істеуде", – деп толықтырды ол жазбасында.

Оқи отырыңыз: Алматы тұрғыны ХҚКО ғимаратында босанды

Айта кетейік, осы кезге дейін ұлттық ақпараттық технологиялар агенттігі мен бас прокуратура бұл қызметтің eGov.kz қолжетімділігін пысықтау барысында қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселені анықтаған болатын. Сондай-ақ, арнайы есеп және құқықтық статистика комитетімен келіссөз жүргізу нәтижесінде айыппұлдарды Qamqor арқылы тексеру қалпына келтірілген.

"Біздің мақсатымыз – барлығын eGov.kz арқылы емес, керісінше азаматтарға әртүрлі платформалар арқылы қызмет алу мүмкіндігін ұсыну", – деді Мусин.

454
Кілт сөздер:
көлік, ХҚКО, Бағдат Мусин
Тақырып бойынша
Емшектегі баланы ұстап отырған ХҚКО қызметкерінің суреті желіде дау тудырды
Нұр-Сұлтан тұрғыны ХҚКО қызметкеріне жұдырық ала жүгірді
Төтенше жағдай кезінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?
Қазақстанның тоғыз өңірінде ХҚКО ашылды
13 өңірде ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді