Қоғам

Тәтішевтер отбасының адвокаты Тоқмәди ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Жазылу
Бірнеше күннен соң америкалық криминалисттер жүргізген сараптама нәтижесі белгілі болады

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Тәтішевтер отбасының қорғаушысы Мұратхан Тоқмәди ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Сот отырысы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тоқмәди банкир Тәтішевті өлтіргені үшін айыпталып жатыр

Адвокат Евгений Яворский хабарлағандай, банкирдің өлімін тергеуге америкалық криминалисттер қатысқан.

"Таразға америкалық мамандар Майкл Патрик Мерфи мен Скот Майкл Перкинск келеді. Олар осы салада 20 жылдан бері істеп келе жатқан білікті жандар. Сонымен бірге, оқ ататын қарумен кісі өлтіруге қатысты қылмыстар бойынша мамандандырылған Ирис Делли де келеді. Біз бұл мамандардың куәгер ретінде сотта жауап беруі үшін өтініш жазуды жоспарлап отырмыз", — деп мәлімет берді Яровский, деп хабарлайды otyrar.kz.

Құқық қорғаушының сөзіне сүйенсек, сарапшылардың қорытындысы 27 ақпанда шығады екен. Криминалисттердің нақты қандай сараптама нәтижесін ұсынатынын Яворский айтқан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның арнайы қызметтері былтыр 12 маусымда "ҚазШыныҚұрылыс" ЖШС бас директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстаған болатын. Кейінірек кәсіпкер "БТА банк" басқармасының бұрынғы төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады.

Жаңалықтар
0