Алматыда қар жауып тұр

Қар, бұрқасын, жел: жексенбіде ауа райы қандай болады?

346
(Жаңартылды 15:04 25.02.2018)
Еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады, тұман түседі

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райы құбылып тұрады, кей жерлерінде қар жауып, жел күшейеді, жаяу бұрқасын, батысында көктайғақ болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын  болады. 

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.


346
Кілт сөздер:
тұман, қар, бұрқасын, ауа райы
Загрузка...