Астананың келбеті

Астанада төртінші ауданның атауы бекітілді

288
(Жаңартылды 11:39 26.02.2018)
Жаңа Байқоңыр ауданының шығыс бөлігі Алматы ауданымен, батыс және оңтүстік бөлігі Сарыарқа ауданымен, ал Есіл өзені арнасымен Есіл ауданымен шекараласады

АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Жақында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауында Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы ұсынылып, мақұлданды, деп хабарлады Астана ақшамы.

Осы аптада қалалық ономастикалық комиссия бұл атауды талқылап, бекітті. Республикалық ономастикалық комиссия қалалық комиссия шешімін өзгертпей, өз отырысының хаттамасын әкімдікке жіберді. Қалалық Қоғамдық кеңес отырысында Астана мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов осылай деп хабарлады.

Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелердің бірі Астана қаласының шекараларын белгілеуге қатысты болды. Онымен Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақты¬бай Тайталиев таныстырды.

"Соңғы бес жылда Астана халқының саны 35 пайызға ұлғайып, 645 мың адамнан 1 миллион 10 мың адамға жетті. Былтыр қала территориясына 8 мыңнан астам гектар қосылды. Бұл – Майбалық көлі, пантеон. Халықтың тығыздығы мәселесін шешу үшін жаңа мектептерді, балабақшаларды, емханаларды, көлік жүйесін, инженерлік инфрақұрылымды салу мақсатында төртінші ауданды ашу қажеттілігі туындады" деді баяндамашы.

Оның айтуынша, төртінші ауданның шығыс бөлігі Алматы ауданымен, батыс және оңтүстік бөлігі Сарыарқа ауданымен, ал Есіл өзені арнасымен Есіл ауданымен шекараласады. Жалпы алғанда, қала аумағы 79 мың 733 гектарды құраса, соның ішінде жаңа аудан 18 мың 129 гектарды алады. Халық санына келсек, онда 211 мың адам тұратын болады.

Қоғамдық кеңес отырысында, сондай-ақ, Астанадағы қоршаған ортаны сауықтырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жос-пары жобасы талқыланды. Жобаны қалалық Табиғи ресурстер және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірге Қазақстанның экологиялық ұйымдары ассоциациясы әзірледі. Аталмыш ассоциация төрайымы Айгүл Соловьева кеңес мүшелері қойған сұрақтарға жауап берді.

Бұл жобаға сәйкес, Промышленный тұрғын алабын 2-ЖЭО-дан келетін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарлануда. А.Соловьеваның сөзінше, алайда бұл елді мекеннің бүкіл тұрғындарын орталықтан берілетін жылумен қамту әзірге мүмкін емес. Тек бір автономды қазандықты тұтынушылар ғана орталық жылу жүйесіне қосылады. Сол кезде қазандық жойылады. Соның өзінде ауаға таралатын зиянды қалдықтар едәуір азаятын көрінеді. Мәселен, "Астана Энергия" АҚ-тың қоршаған ортаны қорғау зертханасының меңгерушісі Наталья Мухинаның айтуынша, қалдықтар 17 тоннаға кемиді.

Отырыста, бұған қоса, қала экологиясы, елордаға газ тарту мәселесі, оның тиімділігі туралы біраз айтылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Астананың бірқатар нысаны сұйытылған газбен жылытыла бастады. Алдағы жылдары Қызылордадан құбыр бері қарай тартылып, Қарағанды арқылы табиғи газ да келуі тиіс. Осының қайсысы арзандау болады? Кеңес мүшелерінің пікірінше, айтқандай айырмашылық байқалмайды.

Астанадағы қоршаған ортаны сауықтырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жобасын жүзеге асыруға инвесторлар тартылмақ. Қоғамдық кеңес бұл жобаны бекітті.


288
Кілт сөздер:
Байқоңыр, жаңа аудан, Астана
Загрузка...